Қарағанды облысының аумағында мамандандырылған ұйымдар даладағы арқарлар мен киіктердің санағын жүргізуде. Жануарларды мамандар тікұшақпен жүріп, әуеден түгендейді.
M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьАрқар-киіктерді есептеу сәуір айында басталған. Санақ жүргізудің қалыптасқан әдістері бар. Мамандар киіктер өретін негізгі аумақтарды тікұшақпен аралайды. Алдын ала белгіленген бағыттар бойынша тікұшақтар санақ үшін ыңғайлы биіктікте ұшады.
Мамандардың айтуынша, әуеден бақылау нәтижесінде алғашқы апталардың өзінде жеті жүз бастан артық арқар есепке алынған. Барлық мәліметтер өңделіп, экстрополяция әдісімен болжам жасалады. Бұрыннан қалыптасқан кәсіби есептеу тәсіліне сәйкес, жануарлардың әр басы онға көбейтіледі. Яғни бастапқы нәтижелердің өзімен Қарағанды облысында 7 мың бас арқар тіркелді деуге болады.
2017 жылғы санақ бойынша өңірде 7,5 мың бас арқар есепке алынған. Салыстырмалы түрде алғанда, жабайы жануарлардың саны артып келе жатқаны байқалады. Олардың көбеюіне тиісті мекемелер мүмкіндігінше жағдай жасап келеді. Жануарларды қорғаумен айналысатын шағын топтар популяция мониторингін тұрақты жүргізеді. Оның үстіне, кейінгі жылдары Арқада қыс қатты бола қойған жоқ.
Қатаң бақылаудың арқасында браконьерлік қылмыс азайды дегенмен, ара-тұра болса да орын алып тұратыны жасырын емес. Былтыр заңсыз аң аулаушылардың қолынан екі арқар өлген. Оның шығыны – 20 миллион теңге.
Қарағанды облысында киіктер саны да артып келеді. Осыдан үш жыл бұрын жаппай қырылған түз жануарлары қайтадан көбейе бастаған. Қазір өңірде 50 мыңдай киік бар. Енді табиғи апаттан немесе кісі қолынан ажал құшпаса, ен даланың сәні болған арқар-киіктердің саны өсе түспек.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы