• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Маусым, 2018

Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жасады

263 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі менингит  бойынша мәлімдеме  жариялады. 

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді мәліметтерге сенбеуге шақырады», -деп атап өтілген  Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің  Facebook парақшасындағы видеомәлімдемеде.

Сондай-ақ, Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин WhatsApp-та жарияланған  хабарламаға түсініктеме берген.

«WhatsApp пайдаланушылар арасында бір әйелдің үрейлі дауыспен  мектепке дейінгі мекемелерге баратын балаларға менингитке қарсы антибиотикпен емдеуді өткізге шақырған. Бірақ ол өз есімін, сондай-ақ қандай ұйымның атынан мәлімдеме жасағанын айтпайды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растамайды және сіздерді әлеуметтік желілердегі шындыққа жанаспайтын мәліметтерге сенбеуге, тек Денсаулық сақтау министрігінің ресми ақпаратын пайдалануға шақырады»,-деді Ж.Бекшин.

Сонымен қатар ол Қазақстанда жыл сайын менингитке байланысты 62-ден 424 оқиға, кей жылдары 21 оқиға тіркелетіндігін атап өтті. Бұл дерттің алдын алу жолдарын тағы бір еске салды.

Қазақстанда ресми деректер бойынша,менингиттен 9 адамның көз жұмғаны тіркелген. Соңғы оқиға Алматыда 2 маусымға қараған түні болды.  Менингококк жұқпасынан 5 жасар бүлдіршін қайтыс болды.