• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Желтоқсан, 2011

№ 6 сын-қатер

342 рет
көрсетілді

Мемлекеттік басқарудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің тиімсіздігі Мемлекеттік егемендік алғаннан кейін біздің еліміз жа­һандық жоғары бәсекелі әлемде табысты даму үшін мемлекеттік бас­қа­ру­дың қазіргі заманғы тиімді жүйесін қа­лыптастыру қажеттігімен бетпе-бет келді. Үйлесімді басқару жүйесін қалыптастырмайынша біздің еліміздің «мемлекеттік машинасы» «тарих жиегінде» қалып, орта­лықазиялық өңірдегі халықаралық танылған көшбасшы және ұлттардың жаһандық қоғамдастығының жауапты мүшесі болып шыға алмас еді. Бұрынғы басқару моделін қиратып қана қоймай, сонымен қатар экономикада, саясатта, мәдениетте және Қазақстан қоғамы өмірінің басқа да са­лаларында мемлекеттік менеджменттің жаңа архи­тек­турасын жасау керек еді. Осыған байланысты тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап мемлекеттің саясаты Қазақстанды әлемдік экономикаға жедел түрде интеграциялауға және нарықтық тетіктерді дамытуға бағытталды. Нарықтық қатынастардың шешуші элементтерінің бірі ретінде жеке меншік институтын қалыптастыру қажеттігі сол кездегі мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып жарияланды. 1991-ден 2008 жылдарға дейінгі кезеңде Қазақстанда алты екіжылдық жекешелендіру бағдарламалары қабылданды. Бүтіндей алғанда, осы кезеңде 3803 мемлекеттік акциялар пакеті мен акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестері жекешелендірілді. Аукцион арқылы – 2817, тендер арқылы – 680, тікелей атаулы қолдау арқылы 171-і жекешелендірілді және 135 үлес биржаларда сатылды. Осы уақыт аралығында 38478 мүліктік кешен, көлік, жылжымайтын мүлік нысандары, аяқталмаған құрылыстар мен өзге де нысандар жекешелендірілді. Жүргізілген жекешелендіру нәтижесінде жеке меншік иелерінің қалың тобы қалыптасты. Осы жағдайда ел экономикасындағы жеке сектордың үлесі ел ІЖӨ-сінің 85 пайызына дейін ұлғайды. *** Кеңестік кезеңде атқарушы биліктің шектен тыс орталықтандырылуы жағдайында шаруашылық механизм мен экономикалық байланыстарда бюрократия кеңінен өрістеді. Шаруашылықтар толықтай мемлекеттендіріліп, ол өндіріс пен өнім өткізудің кең көлемде монополиялануын туындатты. Экономика ебедейсіз әрі икемсіз бола түсті. Өндірістегі монополия ғылыми-техникалық прогреске тежеу келтірді. Орталық талғамдар мен артықшылықтар туралы толық ақпаратқа ие бола алмайтындықтан, жоспарлы тапсырмалардың белгілі бір тауарларға деген қоғамның сұранысын объективті бейнелей білмеушілігі әміршіл-әкімшіл жүйенің басты кемшілігі ретінде көрініс тапты. *** Басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесінен нарықтық экономикаға көшу мемлекеттік басқару жүйесіне ай­тар­лықтай ықпал етті. Кең көлемде жүргізілген реформалар нәтижесінде Қазақстанда қазіргі заманғы нарықтық экономикаға бейімделген мемлекеттік бас­қару жүйесі қалыптасты. 1997 жылдан бастап тұрақты дамуға қол жеткізу мақсатында Қазақстанда инсти­тут­тық және құқықтық реформалар салмағы мемлекеттік басқарудың барлық жүйесін сапалық тұрғыда толықтыруға және тиімділігін арттыруға қарай ауыстырылды. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы қабылданып, ол мемлекеттік билік жүйесін реформалаудың нақты бағыттарын айқындап берді. Бұл бағдарламада «кәсіби мемлекет» құруға салмақ сала отырып, өз ісіне берілген және елдің басымдықты мақсаттарына жетуде халық өкілі ретінде көріне алатын мемлекеттік қызметшілердің ықпалды да қазіргі заманғы корпусын қарастыратын елде демократияландыру мен тиімді мемлекет орнатау жөнінен кең ауқымды реформалар қарастырылған. Тарихтың бізге өндірістік қатынастарды түбегейлі өзгертеуден өзге таңдау қалдырмағаны бүгінде әркімге де анық белгілі. Сонымен бірге нарық экономикасына бетбұрыстың аса зор күрделілігі де баршаға дерлік мәлім. Дегенмен, бүгінде жүргізіліп жатқан шаралар жеткіліксіз. Олардың кейбіреулері шектеулі, екіншілері жартыкеш, үшіншілері керітартпа күштердің жасырын да ашық кедергілеріне, ескі әміршіл-әкімшіл жүйенің арандатуына тірелуде. Қазіргі уақытта дағдарыс өзінің шиеленісті шегіне жақындағандықтан, біздің әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін өзара байланысты шараларды шұғыл түрде түбегейлі жүргізуіміз керек.

Елбасының 1991 жылғы 10 желтоқсанда Алматы қаласында

Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми түрде кірісуіне орай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің он екінші шақырылымының салтанатты мәжілісінде сөйлеген сөзінен.

2010 жылдың 1 ақпанында қабылданған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жаңа Стратегиялық даму жоспары мемлекеттік басқару жүйесінің, бүтіндей біздің еліміздің дамуының келесі сатысына айналды. Қазіргі уақытта Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды одан әрі жалғастыруда. Бұл үдеріс күшті, қолайлы, тұрақты және өркендеген мемлекет құруға бағытталған іс-шаралар кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.