• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2011

Үгіт шараларына – 477 мың теңгеден

202 рет
көрсетілді

Сайлау-2012

Кеше Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ас­сам­блея­сы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі­лі­сі­нің депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қара­жа­тынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгіледі. Ортсайлаукомның қаулысына сәйкес Қазақстан халқы Ассам­блея­сы сайлайтын Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тіркелген әрбір кан­дидатқа республикалық бюджет қаражатынан сайлауалды үгіт ша­раларын өткізуге және көліктік шығыстарға 477 мың теңгеден бөлінетін болады. Орталық сайлау комиссиясының отырысында, сон­дай-ақ Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Жарлығына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байла­ныс­ты «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.Ә.Мұхаметжановтың өкілеттігін тоқтату туралы» қаулы қабыл­данды. Орталық сайлау комиссиясы­ның төрғасы Қуандық Тұрған­құ­ловтың хабардар еткеніндей, Ортсайлауком 4 халықаралық ұйым мен 15 шет мемлекеттен тағы 145 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Осылайша, қазіргі сәтте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бой­ынша 244 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Олардың 74-і – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының, 102-сі – ТМД-дан байқаушылар мис­сия­сының, 9-ы – ШЫҰ-дан байқау­шы­лар миссиясының, 9-ы – Түр­кітілдес мемлекеттер ынтымақтас­тығы Кеңе­сінің, ал 50-і 19 шет мемлекеттің өкілдері болып табылады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.