• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қараша, 2018

Интернет өнімдерінің игілігі көп

1025 рет
көрсетілді

Төртінші өнеркәсіптік революцияның бірден-бір жемісі саналатын интернет өнімдері дегеніміз – «ақылды» технологиялар, «бұлтты» компьютер мен цифрлы өндірістің ортақ атауы. Астанада екінші рет өткен «Internet of Things» форумында отандық және шетелдік мамандар мен сарапшылар интернет өнімдерді күнделікті өмірге енгізу мәселесі туралы пікір алмасып, бұл саладағы Қазақстанның әлеуетіне баға берілді.

Мәлімет – жаңа заманның «мұнайы»

Жиынның ашылуында сөз алған Ақпарат және коммуника­циялар вице-министрі Динара Щеглова: «Бүгінгі форум тараптар арасында ғылыми-тех­ни­калық, инновациялық және IT саласында да байланысты ны­ғайтуға үлес қосады деген үміттеміз. Қазіргі таңда интер­нет өнімдері әлемде қар­қын­ды дамып келе жатқан техноло­гия­лардың қатарында. Оған жеке және мемлекеттің қомақты инвестициясы тартылуда», дей келе, 2018 жылы бірыңғай желі­ге қосылған интернет өнім­дері­нің үлесі 4,9 млрд затты құ­­р­а­­ғанын айтып, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіштің 50 млрд-қа жететіні туралы дерекпен бөлісті. «Бүгін біз аталған жоба­лардың Қазақстанда да іске аса бастағанын айтқымыз келеді. Сондықтан форум астаналық сарапшыларға ғана емес, өзге өңірлерден келген сарапшылар үшін де қызықты болады деген ойдамыз», деді Д.Щеглова.

«Қазақтелеком» АҚ басқар­ма төрағасы Қуанышбек Есе­кеев ақпараттық технологиялар әлеуетін жоғары бағалай келе: «Интернет өнімдердің бола­шағы зор. Қазіргі таңда олар күн­делікті тұрмыста кеңі­нен қол­д­анылуда. Себебі Smart қо­сым­шалар өмірімізге кеңінен енді. Сондықтан осы форумды жыл сайын ұйым­дас­тыруды ұсынамын. «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасы аясында ақпараттық жоба­­­лар­­ды жү­зеге асырудамыз», деді. Басқарма төрағасы «Қазақ­­­­­телеком­ның» бұл сала­да қан­­д­ай бас­тамаларды қол­ға алып жат­қаны жөнінде кеңі­­­нен әңгі­меледі. «Бірқатар жо­ба­­­ны қолға алып жатыр­мыз. Интернет өнімдері саласында бизнес-модельдер мен қолдану мүмкіндігі бар кейстерді зерттейміз. Аталған саладағы әзірлеушілермен, құ­рыл­­ғылардың дистрибью­тер­лерімен және нарықтың бас­қа да қатысушыларымен серік­тестік қатынас орнатамыз», деді Қ.Есекеев. Осы орай­да, ұлт­тық компанияның Қазақ­стан­да «ақылды» үйлер мен қала­лар салуға белсенді атсалысатыны да айтылды. 

Саланың дамуына кедергілер

Singapore Telecommunications Limited IOT шешімдер өнімдері басқармасының басшысы Рене Тан Виен Геннің мәлімдеуін­ше, 2020 жылға қарай интернет өнімдерінің жаһандық капитализациясы 1,7 трлн доллар­ға жетпек. Бұрын-соңды ешбір сала мұндай жоғары қар­қын­­мен дамымағаны анық. Де­ген­мен, күнделікті өмір мен өнер­кәсіптің әр түріне интернет өнімдері өндірісін енгізуде өзіндік кедергілер де жоқ емес. Мәселен, Beijing Health Forum негізін қалаушы және бас директоры Дуглас Корлидің пікі­рінше, интернет өнімдерінің нарыққа енуіне осы саладағы мамандардың жетіспеушілігі басты кедергі. Жекелеген жоба­лар­ды құрастырушылар бол­ғанымен, үй құрылысы, ауыл шаруашылығы, сауда мен ірі өнеркәсіпте ақылды тех­ноло­гия­лар мен интернет өнім­дерді енгізу үшін жүздеген мың ма­ман­ға қажеттілік бар. Ал ең­бек нарығындағы бұл сұра­ныс­ты қанағаттандыра қоятын­дай қазір білім беру орындары мен осы өндірістің өзінде әзірге мүм­кіндік болмай тұр. 

Сонымен қатар өнер­кәсіп­тің әр саласына интернет өнім­дерін енгізуге кедергі­лер­дің тағы бірі – кәсіби менед­ж­мент­тің жоқтығы. Қазір интернет өнімдері өз алдына бөлек сала болып қалыптасып келе жатқанымен, оның өзге салалармен интеграциясы кенже қалуда. «Кез келген өндіріс пен бизнес жаңа технологияларға консерватив болып келеді» деді Дуглас Корли. Бұл әрине заңды да. Өзінің өміршеңдігін экономиканың белгілі бір саласында нақты дәлелдемейінше, кәсіпорындар оны жаппай пай­далануға асықпайды. Осы орайда сарапшы интернет өнім­дері деген өз алдына бөлек сала емес, кез келген саланың жаң­ғыр­тыл­ған заманауи түрі екенін айтады. 

Қауіпсіздік – интернет өнім­дері құрылғылары үшін күн тәртібіндегі басты мәселелер­дің бірі. Жоғарыда аталғандай бірың­ғай мәліметтер базасында мәлі­мет­тердің құпия­лық кепіл­дігіне көпшілік әлі де күмән­мен қарайды. Расымен де, ортақ стандарт әлі қалып­тас­пағандықтан, мәліметтерді пайдалануда да біркелкі стандарт жоқ. Стандарттың орнатыл­мауы саланың күнделікті өмірге кеңінен енгізілмеуінің тағы бір кедергісі. 

5G – смартфондар дәуірінің жаңа кезеңі

Ericsson компаниясының Шығыс Еуропа мен Орталық Азия­дағы президенті Себастьян Толс­тойдың айтуынша, 90-жылдары интернеттің пайда болуымен әлем қалай тез арада айтарлықтай өзгерген болса, таяу арада 5G технологиясы да адамзат тарихында жаңа дәуірді бастайды. «5G – технологиясы мобильді жүйенің жаңа толқыны. Бұл смартфондар мен адамзат қатынасының жаңаша түрі. Осы технология цифрландыру, өнеркәсіп пен қоғамдық қатынастарды үлкен өзгеріске ұшыратады. Бүгінде 5G технологиясы аса жоғары қарқынмен дамып келе жатыр», деді С.Толстой.

Қазірдің өзінде Ericsson компаниясы әлемде әртүрлі мо­бильді операторлармен 40 шақ­­ты келісімге отырған. «Қазақ­­станға да бұл технология ерте ме, кеш пе келеді. Біздің болжа­мы­мызша, 2023 жылға дейін ин­­тер­нет өнімдері эконо­микаға қар­­қынды енгізіледі», деді ком­­пания өкілі. Маманның айтуын­ша, Қытай мен АҚШ қазір­дің өзінде бұл технологияны «ақыл­ды» шаруашылық пен сер­­вис­ке, логистика мен бас­қару­­ға белсенді енгізіп жат­қан көрінеді. 

Жалпы, интернет өнім­дері­нің негізгі мақсаты – аз шы­ғынмен үлкен нәтижеге қол жеткізу. Бұл әрине бірінші кезекте бизнес-қауымдастықтың қызығушылығын арттыруы тиіс. Мамандардың пікірінше, интернет өнімдерін енгізуде қазіргі таңда ең басым салалар өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, «ақылды» қалалар, көлік және қауіпсіздік. Алдағы онжылдықта ақпараттық технологиялар сала­сының ең басты драйвері де осы интернет өнімдері болатыны жасырын емес. Ал интернет өнімдерін өндіруде ең басты шикізат – мәлімет. Сарапшы­лар бұл тұрғыда big data, яғни бірыңғай мәліметтер база­сы төртінші индустриялық ре­волюция дәуіріндегі ең құнды шикізат екенін айтады.

Ал Қазақстанда бұл сала­дағы жетістік ретінде әзірге «Қазақ­телеком» АҚ мен Аста­на қалалық әкімдігінің «Қала­лық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» мем­ле­кет­тік мекемесі арасында қала­лық бірыңғай бейнебақылау жүйесін ұйымдастыру бойын­ша келісімі мен «ERG» ЖШС-ның «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлескен Хромтау, Ақсу және Рудный қалаларында «ақыл­ды» қала және цифр­лан­дыру элементтерін енгізу жоспарларын айтуға болады. 

Бауыржан МҰҚАН,

«Егемен Қазақстан»