• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Желтоқсан, 2018

Полиэтилен пакетсіз де өмір сүруге болады

604 рет
көрсетілді

Алматыда биыл үшінші рет өткен «3.2.1. Старт!» фестивалі қоршаған ортаны қорғау, экологияны сақтау бұрынғыдан да өзекті сипатқа ие болғанын көрсетті. Фестивальде жаңа идеяларын көпшілікке ұсынған жастар полиэтилен пакетсіз де өмір сүруге болатынын дәлелдеді.

Аталған фестиваль жас кәсіп­кер­лердің эко-жобаларын қолдауға ба­ғыт­талған. Нәтижесінде фестиваль­ге қатысушылардың бірқатары поли­­эти­лен пакеттерді экологиялық матери­ал­дар­­мен алмастырудың жол­да­рын ұсынды. Мәселен, «Life bag» жоба­сы­ның иесі Дмитрий Себастьянов бір­не­ше жылдан бері полипропилен полимерінен эко­логиялық пакет шы­ға­рып жүр. Оның артық­шы­лығы, поли­пропиленнен жасалған, мата емес микроталшықты материал 3-5 жылда топыраққа сіңіп жоқ болып кете­ді. Бұл технология 80-жылдары Еуро­пада жасалған. Алматыда осы матери­алды орама түрінде шығаратын зауыт бар екен. 

Фестивальде пластик пакеттерді алмастыруға ұмтылған басқа да баламалы жобалар табылды. Бұл кендір, плащ матасы немесе капрон материалдар болды.

– Жоба басталғалы бері көп рет пайдалануға болатын сөмкелер, бахилалар, болат бөтелкелер, блокноттар, бамбук ысқыштарды ұсындық. Кейбіреуін өзіміз шығарып отырмыз. Ең бастысы, кез келген бұйымды бір пайдаланып, лақтыра салмау. Биыл наурыз айынан бері көп рет пайдалануға болатын дорбалар арқылы 1150 пакетті үнемдедік, – дейді «Пакеттер жойылсын» эколо­гия­лық блогының авторы Михаил Беляков.

Ал әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің 3-курс сту­ден­ті Дина Убышева сің­лі­сі Саидамен бірге пакеттерден сырға, дәптер қап­та­ғыш, сөмке сияқты бұйымдар жасауды үйреніпті.

– Қазір бізде қатты пластиктермен жұмыс іс­тей­тін машина жоқ. Сондықтан 20-30 шақты па­кетті қабаттап, үтікпен нығыздап, плас­ти­налар жасап аламыз. Содан кейін оны бір кәдеге жарайтын дүние­ге айнал­дырамыз. Қалдық пакет­тер­ді дос­та­рымыз, таныстарымыз, оқытушы­ла­ры­мыз әкеліп береді, – дейді Дина Убышева.

Мысалы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Пан Ги Мун атындағы Тұрақ­ты даму ин­ститутының жоба­лық менед­­жері Майя Сүйіншалиева институт дирек­то­ры картрижден қал­ған бояу қал­дық­тарынан жей­делерге эко­­ло­гиялық тақырыпта тамаша сурет­­тер салуды ұсынып отырғанын айтады. Өйткені оның қалдықтарын қолдан­­ба­са, қоршаған орта үшін өте зиянды. Бұл әдіс АҚШ-та бұрыннан бар көрінеді.

«Қазақстанда қоршаған ортаны жақ­­сартуға бағытталған жобалар көп емес. Сондықтан осынау жа­һан­дық мәсе­леге жастарды тартудың маңызы ора­сан.  Экология – біз­дің ортақ болашағымыз. Сон­дық­тан жастардың идеяларына серпін беріп, эко-қоғам­дас­тығын құруға бағытталған «3.2.1. Старт!» жобасын қайтадан өткізіп отыр­мыз. Сайыс бас­тал­ған жылы жастар­дың идеялары шала болатын. Бірақ қа­ты­сушылар үйреніп, сынап көріп, бү­гінгі таңда грант ұтып ал­ма­ған­дар да өз эко-жоба­ларын жүзе­ге асырып, табыс таба бастады. «3.2.1. Старт!» жобасы арқылы жас­­­­тарымыз эко-идея­лар өзіміздің ай­на­­ла­мызда екенін түсінді», деді бай­қау­­­­дың ұйымдастырушысы Әлима Исембаева.

Сайыс­­тың сыйлық қоры – 3 миллион теңге. Қазірдің өзінде келесі маусым­­ға өтінімдер қабылдау басталып кеткен. Биыл финалға шыққандар  жоба­­­ларын алға жылжытудың менед­ж­мен­тін мең­ге­ріп, бизнес-жоспарлау­ды, маркетинг және PR-стра­те­гия­ларын үйреніп, екі күндік bootcamp оқуын өтті.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ