• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Шілде, 2012

Қазақстанның астанасы Ақмола болады

673 рет
көрсетілді

Қазақстанның астанасы Ақмола болады

Дүйсенбі, 9 шілде 2012 0:11

Шілденің 6-сы күні таңертеңгілік мәжілісте Президент Нұрсұлтан Назарбаев парламенттің қарауына еліміздің астанасын көшіру туралы мәселе ұсынды. Депутаттар алдында сөйлеген сөзінде мұның не үшін қажет екендігін тұжырымдай келіп, мемлекет басшысы астана мүмкіндігінше мемлекеттің орта шенінде, оның шекарасына тым жақын болмай, елдің барлық басты аймақтарынан бірдей қашықтықта орналасуға тиіс екендігін айтты.

 

Дүйсенбі, 9 шілде 2012 0:11

Шілденің 6-сы күні таңертеңгілік мәжілісте Президент Нұрсұлтан Назарбаев парламенттің қарауына еліміздің астанасын көшіру туралы мәселе ұсынды. Депутаттар алдында сөйлеген сөзінде мұның не үшін қажет екендігін тұжырымдай келіп, мемлекет басшысы астана мүмкіндігінше мемлекеттің орта шенінде, оның шекарасына тым жақын болмай, елдің барлық басты аймақтарынан бірдей қашықтықта орналасуға тиіс екендігін айтты.

Халқының саны бір жарым миллион шекке жетіп қалған Алматы тәуелсіз мемлекеттің астанасына қойылатын талаптарға сай келмейді. Ол аумақтық тепе-теңдік пен кеңістікте орналасуы жағынан да көп үміт күттіретіндей емес. Мұндағы үйлердің биіктігі мен бос алаңдардағы тығыздық та тым жоғары. Оны кеңейтуге деген мұқтаждық жағадан алып тұр, бірақ бұған қажетті жер жоқ. Оның үстіне, Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда Алматыда жаңа құрылыс салу тым қымбатқа түседі. Ал егемен ел ретінде біз бұрын қажет болмаған жаңа әкімшілік үйлерін салуға мәжбүр боламыз. Олардың арасында Парламентке, Сыртқы істер министрлігіне, Корғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, банктерге және басқа, соның ішінде шетелдіктерге де арналған үйлер кешені бар. Қазіргі астанадағы экологиялық жағдай жыл санап шиеленісіп барады. Атмосфераның ластануы жағынан, әсіресе қысқы кезде ол Қазақстан қалаларының ішінде бірінші орын алады. Қазір оның көшелері мен ауасы 150 мыңға жуық әртүрлі көліктің түтінінен зардап шегуде. Астана әуежайы іс жүзінде қаланың ішінде орналасқан және әуе қатынасына кедергі келтіретін тұманға жиі тап болады. Бұл қала шегінен тыс жерден халықаралық маңызы бар жаңа ірі әуежай салудың қажеттігін туғызады.

Нұрсұлтан Назарбаев мынадай елеулі мәселеге де тоқталды. Оңтүстік облыстармен салыстырғанда Солтүстік аймақтағы халықтың тығыздығы едәуір төмен. Халықтың көші-қонын Қазақстанның басқа аймақтарына ауыстыру эко- номикалық және әлеуметтік тұрғыдан тиімдірек. Жаңа астана болашағы зор ірі өнеркәсіп орталықтарына жақын болуға және мүмкіндігінше шектелмеуге тиіс.

Менің тапсырмам бойынша, деді Президент, мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы жерді анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы егжей-тегжейлі зерттелген. 32 -тұр ғыдан жүргізілген талдау барлық нұсқалардың ішінен ең дұрысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті.

Қаланың жағдайы, оның аумағы сәулет тұрғысынан кез-келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ақмола Қазақстанның географиялық орталығында және маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Онда қазір 300 мың адам тұрады және қазіргі бас жоспарға сәйкес халықтың санын 400 мыңға дейін көтеру көзделіп отыр.

Қаланың өмірін қамтамасыз етудің негізгі жүйелерінің жағдайы да ешқандай мәселе туғызбайды. Мұнда жылумен және газбен қамтамасыз ету жақсы жолға қойылған, сумен жабдықтаудың барлық мәселелерін Ертіс — Қарағанды — Есіл каналының қысқа ғана үзігін салу шешіп береді. Осының бәрін қоса алғанда, Ақмолада көлік инфрақұрылымы жақсы дамыған, экологиялық жағдай да жақсы және ол болашақта да сол күйінде сақтала алады.

Астананы көшіру процесі бір күндік іс емес және ол негізінен шамамен 2000-шы жылға қарай аяқталуға тиіс. Қажетті дайындық жұмыстарын жүргізгеннен кейін Ақмолаға бірінші кезекте ең басты мемлекеттік органдар, сондай-ақ бірқатар аса маңызды министрліктер мен ведомстволар көшеді. Сәулетшілердің шамалауы бойынша астаналық әкімшілік орталығын 300—400 гектар жерге қаланың оңтүстік шетіне жеке тұрғызған дұрыс. Дипломатиялық корпус қала шегінен тыс жерге орналасатын болады.

Жекелеген министрліктер мен ведомстволарды республиканың жаңа астанасына көрші жатқан қалаларға көшіру дұрыс тәрізді, бірақ бұл уақытша шара болмақ. Алайда, басқару құрылымдарын басқарылатын объектілердің неғұрлым ірілеріне барынша жақындатуы керек болған кезде бұл тұрақты сипат алуы мүмкін. Мысалы, Ғылым академиясын, шығармашылық одақтарды, кейбір министрліктерді Алматыда қалдырған дұрыс.

Астананы көшіруге байланысты жақсы және қолайсыз жәйттерге тоқтала келіп, Президент бұл бірінші кезекте біздің геосаяси аренадағы рөлімізді күшейтуге қол жеткізуге тиіс екендігін, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы аралық жағдайынан туындайтын артықшылықты толығырақ дамытуға бірегей мүмкіншілік беретінін айтты. Халықтың және өндіргіш күштердің республика аумағы бойынша біржақты орналасуын біртіндеп жеңіп шығу да нақты жүзеге аспақ.

Астананы көшіру солтүстік

 

аймақтарда инновациялық және ғылымға негізделген өндіріс орындарын, прогресшіл ауыл шаруашылық машиналарын жасауды және ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату индустриясының кең жүйесін жедел дамытуға жағдай жасайтын болады. Кезі келгенде, Ақмола арқылы біз тек жаңа қоғамдық-саяси ғана емес, сонымен қатар маңызы жағынан Алматыдан кейінгі Қазақстанның екінші ғылыми, мәдени және іскер орталығына қол жеткізетін боламыз.

Астананы кешіруге жұмсалатын шығындардың ішінде басы бүтін жұмсалатыны — таза көшіруге кететін қаржы. Қалғандары — күрделі қаржы есебінен жүргізіледі. Олардың есебінен тұрғызылған мүліктердің бәрі мемлекеттің ұлттық байлығын көбейтеді. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада бір шаршы метр тұрғын үй және қызмет үйлерін салу Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл шығынды қысқартуға мүмкіндік береді.

Республика Алматы арқылы бұрынғысынша мемлекеттегі қоғамдық-саяси өмір де елеулі түрде әсер ететін өзіндегі іскер, қаржылық, ғылыми және мәдени орталықты сақтап қала беретін болады.

Елдің ауқымды мүдделері туралы ойласақ, әлдебір тұрмыстық тұрғыдан қолайлылықты емес, астананы көшіру — пісіп-жетілген және объективті қажеттілік, маңызы зор саяси және экономикалық қадам, деп атап көрсетті қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев және депутаттардан өзіне қолдау керсетіп, осы мәселе бойынша ресми бағдарларын анықтап алуды өтінді.

Содан кейін парламентшілердің сұрақтарына жауап бере келіп, Президент Ақмолада жаңа объектілер салу республика бюджеті үшін қосымша салмақ болмайтындығын айтты. Өйткені, объективтік себептер бойынша, бізге бұларды Алматыда тұрғызуға тура келген болар еді. Мұның өзі қаржыны неғұрлым көбірек жұмсауды керек етер еді. Кейбір министрліктердің орналасар жері туралы айтар болсақ, мәселен, Ауылшаруашылық министрлігін Көкшетауда, Энергетика министрлігін Павлодарда орналастырған дұрыс болар еді.

Астананы көшіру туралы қаулы жобасын ұзақ талқылау барысында қызу айтыс жүрді. Мәселен, Серікхан Жақыпов бұл мәселенің қойылуын дұрыс деп есептеді. Алайда, оның пікірінше, құжат жобасының құқықтық салмағы жоқ. Оны бекітудің еш қажеті жоқ, назарға, алып қойса болғаны.

Халық бізді түсіне ме? Борис Маринушкин осындай сұрақ қойды. Экономикалық  дағдарыс

жағдайында астананы көшіру туралы мәселе қарау қолайсыз да сияқты. Оны жағдай жақсарғанға дейін қоя тұрса қайтер еді. Оның үстіне, бұл мәселені шешу үшін техникалық-экономикалық негіздеме даярлау керек. Жекелеген депутаттар Жақыпов пен Маринушкинді қолдап сөйледі.

Александр Козлов қарастырылып жатқан мәселенің екі қырына — стратегиялық және тактикалық жақтарына тоқталды. Мұның стратегиялық жағы жұрттың бәріне түсінікті және оны қолдайды да. Ал астананы көшіру қалай және қанша уақыт ішінде жүргізілетіндігі туралы тактикалық жағы қарсылық туғызады. Ол астананы көшіру мерзімі керсетілмейтін болуын жақтап дауыс беруді ұсынды.

Дегенмен, пікірсайысқа қатысушылардың көпшілігі әріптестерін Президентке қолдау көрсетуге шақырды. Бұл Назарбаевтың пікірі емес, деді олар, бұл — негізінен астананы көшіруді жақтайтын халықтың идеясы. Бұл мәселе пісіп- жетілгелі ондаған жыл етті.

Қорытындысында парламентшілер басым дауыспен Президентті қолдап, республика астанасын көшіру туралы қаулыны бекітті. Содан кейін олар күн тәртібінің кезекті мәселелерін қарауға кірісті.

Кезекті пленарлық мәжілісті аша келіп, Жоғарғы Кеңес Төрағасы Әбіш Кекілбаев депутаттар атынан Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оған жоғары лауазымды жұмысында табыстан табысқа жетіп, денсаулығы мықты болып, ырысқа кенеле беруіне тілек білдірді.Иван ЗАХАРЧЕНКО,ҚазТАГ-тың парламент тілшісі.

9 шілде 1994 жыл