• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2019

Елінің ертеңін ойлаған

3405 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті, Түркі халықтарының лидері Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіздікті баянды етуде халықаралық деңгейдегі феномен тұлға. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы сәттен бастап Н.Назарбаев өз халқының азат­тық рухында өскенін, еркіндік рухын сезінгенін қалады. Н.Назарбаевтың: «Рухы еркін халық қана ұлы істер атқара алады» деген пікірі – үлкен философия. 

Ұлы даланың төсінде, ұлы істерді атқару жолында Қазақ­стан­­ның әрбір ісі көпке үлгі. Елі­нің ертеңін ойлаған басшы хал­­қы­ның азаттық рухын сезі­ну ба­ғы­тында жұмыс істей­ді. Н.Назарбаевтың жақында жария­лаған әрбір сөйлемінің рухани мәні терең «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда бол­ған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазір­гі қоғам өмірінің ажырамас бөл­шегіне айналған көптеген бұйым­дар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай тех­ни­калық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адам­зат баласы жер жүзінің әр түк­пі­рінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді», деп мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстанды мақтан етіп, бұдан да терең патриоттық сезіммен сүю мен қастерлеудің жолын көрсетті. 

Мақалада Нұрсұлтан Назар­баев: «Сонымен бірге ұзақ уақыт­тан бері біздің жерімізде өмір сү­ріп келе жатқан көптеген этнос­тарға ортақ Қазақстан тарихы тура­лы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этнос­тардың көптеген көрнекті тұлға­лары өз үлестерін қосқан бүкіл хал­қы­мызға ортақ тарих», деді. Ортақ тарих жасау – көпшілікк­е ортақ, жағымды пікір арқы­лы қалыптасып дамиды. Ол үшін алыс­­ты болжау мен көрегендік керек. Ондай көреген басшы – Нұрсұлтан Назарбаев. 

Тәуелсіздіктің алғашқы күні­нен бастап Елбасы бодандықта ба­сы­­лып қалған қазақ ұлтының рухын ояту мен Қазақстан халқының бір­­лі­гін дамыту үшін тер төгіп келеді. 

Тағы да мақалаға үңілсек: «Ат­қа міну мәдениеті салт атты жауын­гердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ың­ғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осы­лай­ша кәдімгі шалбардың ал­ғаш­қы нұс­қасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құла­ғын­да ойнауына, ұрыс кезінде ер­кін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киіз­ден, кендір мен жүннен, кенеп­тен шалбар тікті. Содан бері мың­даған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұ­­мыс­тары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шал­бар­дан еш айырмасы жоқ». Сон­­дай-ақ Н.Назарбаев: «...орта ға­сыр­дағы Отырар қаласы әлем­дік өркениеттің ұлы ойшыл­дары­ның бірі – Әбу Насыр әл-Фа­ра­биді дүниеге әкелсе, түркі ха­лық­тарының рухани көшбас­шы­ларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан», деп халқы­ның рухын көтеріп, еңсесін тік­теп білім­нің маңызды екенін кезек­ті рет айқындады, қазақтың ешкім­нен кем емес мықты, ұлы халық екенін айтты. Ұлылығы сол – жеті атасын білетін халық, жеті ұрпа­ғы­ның қамын әсте естен шығар­май, кең даланы ұрпағына аманаттап қалдырғаны. 

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назар­баев Қазақстан тәуел­сіз­дігін нығайту мен түркі ха­лық­­тарының бірлігін арттыру жолын­да өлшеусіз еңбек етті, ерік-жігерін жұмсады. Қазақстан әлем­нің дамыған, керегесі кең ел­дері­мен терезесін теңестіріп үлгерді. Жеңіске жетуден оны сақ­­тап қалу қиынның қиы­ны де­ген сөз бар. Осы орайда тәуел­­сіз­дікті сақтап қалу мен Қазақстанды Мәңгілік ел етуде қазақ ұлты мен 100-ден ас­там этнос өкілдерін бір идеяға бі­рік­тіре білген Н.Назарбаев кемең­­­герлігі әлемдік үлгілік феноменге айналды. Президент Н.Назарбаев мың жылдықтар тоғысында Қазақ­станды үлкен қиындықтан алып шығып, даму жолына салды. Халықтың рухын қайта оятуда көп іс жасалып жатыр. Мұның барлығы халықтың рухани күш-жігерін арттыруға бағытталған. 

Рухани мықты халық бәсе­ке­­лес­­­тікке қарсы тұра алады. Осыны тереңнен білетін Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» мақаласында: «Бәсе­келік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақ­тық немесе жаһандық на­рық­та бағасы, я болмаса сапа­сы жөнінен өзгелерден ұтым­ды дү­ние ұсына алуы. Бұл мате­риал­дық өнім ғана емес, соны­мен бір­­ге білім, қызмет, зияткер­лік өнім немесе сапалы еңбек рес­урс­­­­­­тары болуы мүмкін. Бола­шақ­та ұлттың табысты болуы оның та­биғи байлығымен емес, адам­­­дары­ның бәсекелік қабі­леті­мен ай­қындалады. Сон­дық­тан әрбір қазақстандық, сол ар­қы­лы тұтас ұлт ХХІ ғасырға ла­йық­­ты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауат­ты­лық, шет тілдерін білу, мәде­ни ашықтық сияқты факторлар әркім­нің алға басуына сөзсіз қажетті ал­ғы­­шарттардың санатында», деді. Яғни, қазақстандықтар үшін ең басты мәселе тәуелсіздікті сақ­тау жолында бір болуы маңыз­ды. Тәуелсіздікті сақтау үшін әрбір адам рухани мықты болуы керек. Рухани мықты, білімді адам – бәсекеге қабілетті болады. Бәсекеге қабілетті адам – тәуел­сіздігін сақтау мен елінің дамуы үшін аянбай еңбек ететін болады. Міне, Елбасы тәуелсіздік, руха­ни жаңғыру және бәсекеге қабі­лет­тілік туралы айтуының терең мәні осында жатыр. 

«Мәңгілік ел» салтанат қақ­пасын ашу рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз бұл тамаша Жа­сам­паздық қақпасын біздің еңбегіміздің, біздің табыс­тары­мыз­­дың белгісі ретінде, болашақ­қа өтудегі белгіміз ретінде тұрғыз­дық. Қақпа біздің жас, әсем елордамыз – Астананың тағы бір символына айналатын болады. Біздің береке-бірлігіміз, біздің дос­тығымыз, біздің көпэтносты мем­­лекетіміздегі өзара сенім бізді үлкен жеңістерге жеткізді», деген еді. Н.Назарбаев 2015 жыл­ғы Жол­дауында: «Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз», деген болатын. Ал Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек», дей келе: «Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқы­тып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсанын­шы жыл­дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары дең­г­ейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектеп­тер жүйесі қалыптасты», деді. Түркі әлемі көшбасшысының білім мен ғылым саласына деген қамқорлығы ананың баласына деген сезімі сияқты ерекше. Әрбір кезекті Жолдауында жаңа, жоғары деңгейде қолдау көрсетіп келеді. 

Қазақстан тәуелсіздігін ал­ғаш танып, құттықтаған мем­ле­­кет­тің өкілі ретінде Тәуелсіз Қазақ­стан­ның жеткен жетістігі мен ба­ғын­­дырған шыңдарына сүй­­сі­не қараймын. Президент Н.Назарбаевтың арқасында жері үлкен, жүрегі кең Қазақстан халқы бұдан да биік жетістікке жетеріне сенеміз! 

Вакур СУМЕР,

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры