Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аяқ басқан жылымызды – Жастар жылы деп жариялады. «Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар, жаннан қымбат оларға ар» деп Мағжан айтқан қасиеттер жас буынның бойынан табылуға тиіс. Балқожа би де немересі Ыбырай Алтынсаринге «үміт еткен көзімнің нұры балам» деп қараған жоқ па?! Ендігі дүниеге келер қазаққа аға болуға жарайтын бүгінгі жас буын аға атына лайық болу үшін де жан-тәнімен еңбек етуге міндетті көрінеді. Осы орайда әдебиетіміздің де үміт еткен жастары санатына кірген бір топ жастың аяқ алысын сіз де бағамдап көріңіз, оқырман.
«Blood on the Tracks» шедеврін жазу да Диланның ұзақ мансабы сияқты шытырманға толы болды. Альбомның нұсқасы Нью-Йорктегі студияда төрт күнде аяқталды. Диланның шыдамсыз шығармашылық қарқыны оның әндерін нақтылау үшін жиналған топты әбден шатастырды. Гитарист Эрик Вайсберг кейінірек бұл сәттерді еске түсіргенде «Мен Бобтың ән жазу барысына аса назар аудармағанын әрі қызықпағанын анық білдім. Ол көп шарап ішті, сәл ұқыпсыз болды, бірақ ол қателіктерді түзетпей, келесі әнге ауысып, алға жылжуды талап етті» дейді. Сессияның екінші күнінде алты музыканттың біреуі ғана қалды.
Альбомның шығарылымы желтоқсан айының соңына жоспарланған еді. Альбом мұқабасы басып шығарылды, жарнамалық науқан аяқталып, таңдаулы радиостансаларға сынақ тираждары да таратылып қойған-ды. Көңілі толмаған Дилан Рождествоны өзінің ағасы әрі сенімді досы Дэвид Циммерманмен өткізді. Альбомды тыңдаған Дэвид әндердің тым өткір және қарапайым халықтың көңілінен шықпайтынын айтып, сол себепті оның коммерциялық тұрғыда сәтсіздікке ұшырайтынын жеткізді. Бойын қорқыныш билеген Дилан өзінің триумфалды қайта оралуын шегеріп, соңғы минутта альбомның шығарылмауын талап етті.
Содан кейін он әннің бесеуі Миннеаполистегі Sound 80 студиясында Рождестводан кейінгі аптада екі күнде шұғыл арада жергілікті музыканттардан құралған топпен қайта жазылған. Қайта өңделген альбом 1975 жылдың 20 қаңтарында тез арада жарық көрді. Осындай түсініксіз әрі қиын мән-жайлардың ортасында керемет өнер туындысы дүниеге келді.
Blood on the Tracks жарыққа шыққан күннен бастап, менің де өмірімнің саундтрегіне айналды. Бұл ән де Ван Моррисонның «Astral Weeks» пен Марвин Гайянның «What’s Going On» және Диланның 1966 жылы шыққан «Blonde on Blonde» сияқты классикалық әндер қатарына жайғасты. 90-жылдардың ортасында «Blood on the Tracks: The New York Sessions» деген атпен СD жарық көрді, бұл таспаның бейресми нұсқасы ресми жарық көргеннен соң көп ұзамай шықты. Бұның тізіміне бұрынғы, спартандық «If You See Her, Say Hello and Idiot Wind» сияқты әндері кірді. Уақыт өте келе мен ресми нұсқаларға қарағанда бейресмилерін өте жақсы көрдім, өйткені шикі әрі әлі аяқталмаған күйде олар сезімтал және ашық естіледі.
Аударған Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»