• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2010

ҚҰҚЫҚТЫ ҚҰРМЕТТЕУ ҚАЖЕТ

858 рет
көрсетілді

“Ақтөбе халықаралық әуежайы” АҚ өзінің кәсіпкерлік қызметінде авторлық құқығы “Mіcrosoft” корпо­ра­циясына жататын лицензия­лан­баған бағдарламаларды (про­грам­маларды) пайдалануға жол берген. Бағдарламалық қамтамасыз ету нысанының авторлық құқығы заңмен қорғалады. Авторлық құқықты бұзған тұлға Қазақстан Республикасының Заң актілеріне және Қазақстан Рес­пуб­ликасы қатысып отырған Ха­лық­аралық конвенцияға сәйкес қыл­мыстық, әкімшілік және аза­маттық жауапкершілікке тартылады. “Ақтөбе халықаралық әуежайы” АҚ кәсіпкер­лік қызметінде пайдаланған бағдар­ламалық қамтамасыз етуді “Mіcrosoft” корпорациясының бір­ыңғай авторлық құқығы екенін мо­йындайды және келешекте қыз­мет­керлеріміз құқық иеленуші “Mіcrosoft”  кор­­пора­ция­сы­ның ин­тел­лектуалды құқығын бұз­бауға мін­деттеме алады. Осын­дайдан бас­қа­ларды да ескерткіміз келеді. “Mіcrosoft” корпорациясының бағ­дар­ла­малық қамтамасыз ету ны­са­нына бірыңғай авторлық құқығы бар. Осы құ­қықтарын олар белсенді түрде сақтайды және қорғайды. Сонд­ық­тан сот алдында жауап бергенше, лицен­зия­ланған бағдарламалық қамтамасыз етуді тиісті фирмалардан сатып алған жөн. “Ақтөбе халықаралық әуежайы”АҚ. СОТ АКТІЛЕРІ ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ... Шығыс Қазақстан облысы соттар әкімшісінің кеңейтілген кеңесі маңызды шаралардың бірі болып табылады. Өйткені, соттар шығарған шешімдердің орын­да­луы, мемлекетке қарыздарын мил­лионды былай қойып, мил­лиард­тап төлемейтін кәсіпорын­дарды тәртіпке шақыру, қазір­гідей қаржы дағдарысы кезінде қатаң шаралар қолдану оңай шаруа емес. Сондай бір кезекті кеңесті жақында ғана облыстық соттың төрағасы қыз­метіне та­ғайындалған Мұхамеджан Пақыр­дінов жүргізді. Кеңес жұмысына Шығыс Қа­зақстан облыстық сотының және соттар әкімшісінің мамандары қа­тысты. Кеңесте “Сот актілерінің ор­ын­далуы бойынша жұмыс қо­ры­тындысы туралы” облыстық сот­тар әкімшісінің атқару өндірісін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Ринат Тұрышев баяндама жасады. Оның айтуынша, өткен жылы соттар әкімшісі сот орындаушы­ларының аумақтық бөлімдерінің өндірісінде 25,9 миллиард теңгеден астам қаржыны құрайтын 109 мыңнан астам орындау құжаттары болыпты. Алайда, бұл көрсеткіш 2008 жыл­мен салыстырғанда, 5 милли­ард теңгеге төмендеген. 60 мыңнан астам орындау құжаттары орын­далып, пайызға шаққанда 55-ті құраған. Жаңа Семей, Үржар, Ұлан аудандарындағы аталмыш қыз­мет түрлері жұмыстарын бә­сең­детіп алған. Бүкіләлемдік эко­номикалық дағдарыс кезінде қар­жы­ларды мемлекет кірісіне өндіру басты міндет болса керек. Құ­жат­тарды заңмен белгіленген мерзімде орындау, мемлекеттік қазына қо­рын молайту осындай жұмыстың нәтижесі болатыны белгілі. Демек, орындау санкциясын өндіруге де көңіл бөлу қажет. Мәселен, 2009 жылдың статистикалық мәлімет­теріне сәйкес республикалық бюд­жет кірісіне 27 миллиард 618687 теңге орындау санкциясы есепте­ліп, өндірілген. Бұл тиісті кезең­мен салыстырғанда 18,5 миллион теңгеге артық. Өткен жылы қылмыстық жау­апкершілікке тарту үшін борыш­керлерге қатысты 199 материал ішкі істер органдарына жолданып­ты. 2008 жылы осы мерзімде бұл көрсеткіш 313-ті құраған. 11 ма­териал бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі іс бойынша үкім шы­ғарылған. Ал биыл Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша істерді қарайтын анықтау бөлімі құрылмақ. Борышкерлерді әкімшілік жазаға тарту жағдайы 2008 жылмен салыстырғанда жақсарған. Сотқа жіберілген 250 материалдың 234-і бойынша борышкерлер әкімшілік жауапқа тартылған. Алаңдайтын жағдай, сот орындаушыларының арасында да пара алушылықтың (7 адам) болуы алаңдатады. Олардың барлығы жауапқа тартылған. Бұдан кейін облыстық соттар әкімшісінің материалдық-техни­калық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Б.Қабылов, соттар қыз­метін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Ж.Жүнісова жиналғандар алдында есеп берді. Облыстық соттың төрағасы М.Пақырдінов кеңесте сөз алды. Ол сот орындаушыларының құ­қықтық мәртебесінің төмен, олар­дың материалдық жағ­дайының нашар екеніне тоқтала кетті. Тіпті сот орындаушыларын борышкер­лер үйлеріне кіргізбеуі былай тұр­сын, иттерін айтақтап қуушы­лардың бар екенін тілге тиек етті. Алайда, жұмысты ширата түсу үшін ең алдымен темірдей тәртіп қажет, біліктілік пен білімді қатар алып жүргенде сот ор­ындау­шы­сының да беделі арта түспек. Оңдасын ЕЛУБАЙ. КЕҢЕС БОЛЫП ӨТТІ Таяуда Петропавл қаласының әскери прокуратурасында әскери прокурор Дінбаян Мұханбетқалиевтың төрағалығымен осындағы әскери құрылымдардың салааралық кеңесі болып өтті. Өткен жылы әскерде орын алған қылмыстардың алдын алу мақсатында бірқатар алдын алу шаралары ұйымдастырылған. Со­ның арқасында оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік туғызылыпты. Сөйтіп, 2009 жылы қылмыс саны 67 пайызға төмендеген. Жиында сөз алған әскери прокурордың аға кө­мекшісі подполковник И.Гребе­нюк осылай деп мәлімдеді. Бұл – әскери бөлімдер мен әскери құқық қорғау органдарының бірлесе отырып қимылдаған әрекеттерінің нәтижесі, деді сөзінің соңында ол. Бұдан кейін әскери прокурор Д.Мұханбетқалиев қылмыстардың алдын алуда көп көмек болып табылатын бейнебақылау жүйесін орнатудың жай-жапсарымен та­нысты. Онда белгілі болғанындай, мұндай камералар бүгінгі таңда тек ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери инс­титуты мен №6637 әскери бөлімін­де ғана орнатылған болып шықты. Демек, бұл осы бағытта істелетін жұмыстар әлі көп деген сөз. Жиында осындай жетімсіздіктерге баса назар аударылды.