• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2012

Ядролық сынақтарға қарсы тұру идеясы әлемдік деңгейде қолдауға ие

378 рет
көрсетілді

Ядролық сынақтарға қарсы тұру идеясы әлемдік деңгейде қолдауға ие

Жұма, 7 қыркүйек 2012 7:31

Ғасырлар бойы жаугершілік замандарды бастан кешкен қазақ халқы тыныштықтың, бейбіт өмірдің қадірін жақсы біледі. Мен өзім Ұлы Отан соғысы ардагерінің ұлы болған соң, кішкентайымыздан соғыстың тек қана қасірет әкелетінін естіп өстік. Біздің ата-аналарымыз таң атқанда да және кеш батқанда да, астың басында да әрқашан «Елде тыныштық болғай!» деп тілеп отыратын.

 

Жұма, 7 қыркүйек 2012 7:31

Ғасырлар бойы жаугершілік замандарды бастан кешкен қазақ халқы тыныштықтың, бейбіт өмірдің қадірін жақсы біледі. Мен өзім Ұлы Отан соғысы ардагерінің ұлы болған соң, кішкентайымыздан соғыстың тек қана қасірет әкелетінін естіп өстік. Біздің ата-аналарымыз таң атқанда да және кеш батқанда да, астың басында да әрқашан «Елде тыныштық болғай!» деп тілеп отыратын.

Бір ғана ХХ ғасырдың өзінде-ақ небір зұлматтар болды. Халқымыз бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың зардабын шекті, ұлты­мыз­дың тең жартысы аштық пен ста­линдік қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Тек қазақ халқы ғана емес, барша қазақстандықтар да бейбіт өмірді қа­лай­ды. Көптеген ұлт пен ұлыстар 1930-жылдардың соңы мен 1940-жыл­дардың ортасында туған жерлерінен еріксіз көшіріліп, Қазақстанға әке­лін­ген болатын. Олар да соғыстың қа­сі­ретін, аштық пен қуғын-сүргіннің зо­ба­лаңдарын аз көрген жоқ. Сондай қиын кезде біздің жерімізге келіп, аман қалып, қонақжай қазақ хал­қы­ның қамқорлығын көргендерін айтып, үнемі ризашылықтарын білдіріп жүр.Ұлы Отан соғысынан кейін елде бейбітшілік орнады және соғыс бол­ған жоқ десек те, қаншама ұрпақ атом жарылысының зардабын тартты. Атап айтқанда, бейбіт халық алпауыт екі ел – АҚШ пен КСРО-ның жанталаса қа­руланып, ядролық қаруды сынақтан өт­кізуінің қасіретті зардабын бастан кешірді.1949 жылдың 29 тамызы күні Семей ядролық сынақ полигонында алғаш рет атом бомбасы сынақтан өт­кізілді. Кеңес Одағының өз халқынан жасырып жасаған ядролық қаруларды сынау кезеңі осылай басталған еді. Семей ядролық сынақ полигонында ат­мос­фералық, жер үстілік және жер ас­ты­лық әскери және «бейбітшілік мақ­сатында» делінген желеумен барлығы 500-дей сынақтар өткізілгені белгілі. Сол кезеңде мұның барлығы жасырын түрде өткізілген еді.40 жыл ішінде қаншама ұрпақ қа­сірет шекті десеңізші?! Әр адам жа­рық дүние есігін ашқанда, «Мен кел­дім!» дегендей, өзіне барша жанның назарын аудартып, айналасына қуа­ныш сыйлайтын болса, ал Семей өңі­рін­дегі мыңдаған сәби анасының құр­сағынан мүгедек болып туды. Сол кезде қасіреттің қайдан келгенін білмеген отбасылар қаншама?! Өздеріне қол жұмсаған жігіттердің саны да аз бол­ған жоқ. Өмір бойы бесікте жатқан жа­рымжан баласының жанынан шыға алмай, күн сайын көз жасы құрға­маған, жүрегі шерге толған аналардың обалы кімге?! Полигон қасіреті халық тағдырында өшпес із қалдырды.1980-жылдардың соңына қарай халық та барлық зардаптардың сынақ аймағынан болып отырғанын біле бас­тады. 1989 жылғы 26 ақпанда аса көр­некті ақын, мемлекет және қоғам қай­раткері Олжас Сүлейменовтің жетек­ші­лігімен «Невада-Семей» анти­ядро­лық қозғалысы құрылды. Сынақ ай­мағын жабуды талап еткен митингілер ұйымдастырылды.Ал 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Прези­ден­ті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» әйгілі №409 Жарлыққа қол қой­ды. Бұл мемлекетіміздің, Елбасы­мыз­дың әлі тәуелсіздік алмай тұрып жаса­ған батыл қадамы болатын. Адамзат баласын әлемде бейбітшілік орнатуға шақыру, ядролық сынақтарға қарсы күрес тәуелсіздік жылдары жүйелі жүр­гізілді. Қазақстанның дауысын әлем жұртшылығы естіді және жан-жақты қолдауға ие болды.Қазақстанның ұсынысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйғары­мы­мен 29 тамыз – Ядролық сынақ­тарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні болып белгіленді. Соңғы үш жыл бойы бұл күн дүние жүзінің көптеген елдерінде аталып өтуде. Ал биыл Қазақстан осы елеулі күнге орай әлем жұртшылығы назар аударған шара өткізді. «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияға дү­ние жүзінің 70-тен астам елінен делегаттар келіп қатысты, жаһандық ма­- ң­ыз­ды мәселе жөнінде ой қозғап, ұсы­ныстарын ортаға салды.Алғашқы болып сөз алған Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде 1991 жылы Семей сынақ аймағын жабу арқылы Қазақстан бі­рін­ші болып ядролық сынақтарға то­лық және сөзсіз тыйым салу актісін, осыған орай «ақырет күнінің» қаруын жетілдіруді тоқтатуды жүзеге асыр­ғанын мәлім етті. Елбасы әлемдегі ең ірі полигондардың бірі болған Семей полигонын жаба отырып, Қазақстан «бейбітшілік эпицентріне» айналды де­ген еді.Елбасы күн тәртібіндегі мәселе бо­йынша әлемде қалыптасып отырған жағ­дайға жан-жақты тоқталды. «Бі­рін­шіден, әзірше ядролық қаруды таратпау режімінің жан-жақтылығына қол жеткізілген жоқ. «Жаңа» ядролық және кейбір «табалдырықтағы» елдер тиісті келісімнен шет қалып отыр», – деді Н.Ә.Назарбаев. Президенттің айтуынша, екіншіден, екі жыл бұрын АҚШ пен Ресей арасында стра­те­гия­лық шабуыл қаруларын қысқарту үде­рісін жандандырған Париж келісіміне қол қойылды. Алайда, бұл қадам ресми «ядролық клубтың» қалған елде­рі­н­е үлгі болған жоқ. Үшіншіден, ядро­лық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім күшіне ене алмауда. Бұған «табалдырық» тобына жататын бірнеше ел ғана аяқ баспай тұр. Бар­лық елдердің атсалысуынсыз осынау күрделі мәселелердің шешілуі қиын.Сондай-ақ өз сөзінде Елбасы ядро­лық энергетиканың ұлттық бағдар­ла­ма­ларының дамуын жаһандық бақы­лау мәселесі реттелмегенін айтты. Адамзат баласының бейбіт өмірі үшін басты мақсат – ядролық қарусыз әлем орнату. Осы орайда «Ядросыз әлем бұл – ядролық энергияны әскери мақ­сат­та пайдалануға толық тыйым салу деген сөз», деді Нұрсұлтан Әбішұлы.Елбасы адамзатты ядролық өзін өзі құрту үрейінен арылтудың маңыз­ды­лы­ғына тоқталды. Ол үшін Н.Назарбаев: «Барлық ядролық мемлекеттердің қатысуымен, БҰҰ қолдауымен әзір­лен­ген және қабылданған Страте­гиялық шабуылдаушы қару-жарақты жаппай қысқартудың қадамды жоспары қажет. Бірінші кезекте ядролық сынақтарға тыйым салатын келісімнің күшіне енуіне қол жеткізу маңызды», деді. Қазақстан басшысы әлемдік қоғамдастық «ядролық клубтың» бар­лық мүшелерінің өздерінің атомдық әскери арсеналдарын қысқарту жөнін­де міндеттемелер қабылдауына қол жет­кізуге құқылы деп есептейтінін жеткізді. Бұрын санаулы мемле­кет­тердің азаматтары жаппай қырып-жоя­тын қаруды дамытуға ұмтылған алпа­уыт елдерге қарсылық білдіріп, ми­тин­гі­лер ұйымдастырып жататын еді. Ал бүгінгі таңда ядролық сынақтарға қарсы тұру идеясы әлемдік деңгейде қолдауға ие болды.БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Астанаға жолдаған үндеу хатында: «Мен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» кон­ференциясын ұйымдастырған Қазақ­станға, әсіресе, осы елдің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ядролық қару­сыздану саласындағы көшбасшылық қызметі үшін зор алғысымды біл­ді­ремін», – дей келіп: «Бүгінде ядролық сынақтардың кез келген түріне тыйым салатын халықаралық келісімді көп­теген мемлекеттер қолдап отыр. Алайда, ол құжат әлі де өз күшіне енген жоқ. Сондықтан мен халықаралық келісімге қол қоймаған елдерді осы бастамаға қосылуға шақырамын. Мен өзім бұл мемлекеттерді келістіріп, ядролық қарусыздану ісін әрі қарай жалғастыратын боламын», деп осы жолдағы мақсатын жария етті.Халықаралық конференцияда сөз сөйлеген шетелдік танымал саясаткерлер, парламентшілер ядролық сынақ­тарға қарсы тұру идеясын көтерген және Семей полигонын жауып, әлем­дегі 4-ші ядролық әлеуеттен өз еркі­мен бас тарту жолындағы ерлігі үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсы­ну туралы бастама көтерді. Бұл ұсы­нысты аталған форумға қатысушылар түгел қолдады.Конференция жалпы отырыстан кейін бірнеше секцияға бөлініп өткі­зілді, тақырыптар бойынша талқы­лау­лар болды. Шетелдік парламентшілер де, саясаткерлер де өз ойларын ортаға салды. Сөз сөйлеушілер Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және әлемде бейбітшілік орнату жөніндегі бастамаларын толық қолдайтындарын біл­дір­ді. Демек, бұл игі бастаманың нәти­жесі өзін көп күттірмейді деуге толық негіз бар.Осы басқосуда ақын, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы қоғам қайраткері, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов сөз сөйлеп, 1989 жылы өзі құрған «Невада-Семей» қоғамдық-саяси ұйымның сол бір кезеңдегі атқар­ған қызметі туралы айтып өтті. Кеңес дәуірі болса да, ядролық жа­ры­лысқа қарсы халықаралық қозға­лыс­тың Семей өңірінде және көптеген шетелдерде шерулер өткізгені анық. «Сондай жиындарда оң қолды алға созып, бес саусақты ашып көрсететінбіз. Ол – әлемдегі бес ірі сынақ полигонына бес құрлықтың тұрғындары қарсы тұруы керек деген ниеттің белгісі», дей келіп, Олжас Омарұлы Жапонияда болған митингіге бірнеше мың адам жиналғанын, сөз сөйлегендердің ішін­де Кәріпбек Күйіков болғанын еске алды. Ядролық жарылыстың зардабынан екі қолсыз дүниеге келген Кәріп­бек сөз сөйлегенде жүрегі толқымаған адам болмаған екен. Ол өзінің Семей сынақ аймағы төңірегінде туып, екі қолсыз қалғанын, сондықтан ядролық жарылысқа қолымен қарсылық белгі­сін көрсете алмайтынын айтып, жи­нал­ғандарға өзі үшін қолдарын көтеру жөнінде өтініш білдіргенде, Орталық алаңға жиналған барлық адам орындарынан тұрып, оң қолдарын көтерген! Олжас Омарұлы сол бір сәттің ұмы­тылмастай есте қалғанын айтты. Ақын сөзі конференцияға жинал­ған­дарға да үлкен әсер етті. Осы жиынға Кәріпбек Күйіков те қатысып, сөз сөйледі.Айта кету керек, өткен кезең ішін­де Қазақстан ядросыз әлем орнату жолын­дағы бастамаларды көтерумен шектелген жоқ, нақты қадамдар жасады. Халықаралық келісімдерді заңмен негіздеді. Ядролық қарулануға қарсы және бейбіт өмірді қорғау жөніндегі келісімдерді заң түрінде бекітуге Парламент Мәжілісінің Халықаралық іс­тер, қорғаныс және қауіпсіздік коми­теті де белсенді атсалысып келеді. Өйт­кені, барлық халықаралық маңыз­ды құжаттар осы комитеттің қарау­ы­нан өтеді. Бұл іске Мәжіліс депутат­та­рының да үлес қосып отырғаны анық. Алдағы уақытта да әлем қауіпсіздігін сақтау, адамзатты қорғау мақса­тын­дағы ізгілікті істер атқарыла бермек. Бұл іске атсалысу – баршамыздың азаматтық парызымыз.

Үсенгелді МЕДЕУОВ,Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.