Астанада теннистен Федерация кубогі додасы жалғасуда. Қазақстан әйелдер командасы Үндістаннан басым түсіп, Азия/Океания аймағындағы А тобында жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz.
Кортқа бірінші болып шыққан Зарина Дияс үндістандық Карман Каур Тхандиді 2:0 есебімен жеңді.
Юлия Путинцева екі сет қорытындысы бойынша Анкита Райнаны жеңіп, Қазақстан командасы өз тобында жеңіске жетті.
Енді біздің теннисшілеріміз В тобында үздік шыққан командамен ІІ Әлемдік топтың плей-офф жолдамасына таласады.