• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Ақпан, 2019

Дмитрий Алексанин семсерлесуден Әлем Кубогінде үздік алтылыққа енді

368 рет
көрсетілді

Канаданың Ванкувер қаласында шпагамен семсерлесуден ерлер арасындағы әлем Кубогі кезеңі аяқталды. Қазақстан сапынан үздік нәтижені Дмитрий Алексанин тіркеді деп хабарлайды Olympic.kz.

2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы алтыншы орыннан көрінді. Эльмир Алимжанов 28-ші, Вадим Шарлаимов 41-ші, Руслан Курбанов 53-ші орын иеленді. 

Шпагашылар сынында жапониялық Коки Кано жеңіске жетті. Күміс жүлдені италиялық Энрико Гароццо, қола жүлдені франциялық Александр Бардене мен америкалық Джейкоб Холи иеленді.