• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2012

Мақсат – айқын, міндет – зор

395 рет
көрсетілді

Мақсат – айқын, міндет – зор

Сенбі, 3 наурыз 2012 7:28

Елбасымыз өткен жылғы Қазақ­стан халқына арнаған Жолдауында түр­ліжәрдемақы, төлемақылармен шектелмей, жұмыссыздықпен нақтытүрде күресу керектігін қадап айтқан болатын. Соған орай республикаүкіметінің қаулысы да шығып, еліміздің жер-жерінде жұмыспенқамтамасыз ету орталықтары құрылған-ды. Соның бірі Семейдегіжұмыспен қамтамасыз ету орталығы коммуналдық мемлекеттікмекемесінің директоры Тұрсынбек Шинжинге жолығып, жаңа мекеменіңжұмысы туралы айтып беруін өтінген едік.

 

Сенбі, 3 наурыз 2012 7:28

Елбасымыз өткен жылғы Қазақ­стан халқына арнаған Жолдауында түр­ліжәрдемақы, төлемақылармен шектелмей, жұмыссыздықпен нақтытүрде күресу керектігін қадап айтқан болатын. Соған орай республикаүкіметінің қаулысы да шығып, еліміздің жер-жерінде жұмыспенқамтамасыз ету орталықтары құрылған-ды. Соның бірі Семейдегіжұмыспен қамтамасыз ету орталығы коммуналдық мемлекеттікмекемесінің директоры Тұрсынбек Шинжинге жолығып, жаңа мекеменіңжұмысы туралы айтып беруін өтінген едік.

– Мемлекет басшысының Қазақ­стан халқына арнаған биылғыЖолдауында келелі он мәселе қоз­ғалса, соның ішіндеқазақстандықтардың жұмысқа тартылуы бірінші кезекте қарастырылғаныбелгілі, – деп бас­тады өз сөзін Тұрсынбек Дүйсен­бай­ұлы. – Мұның өзіқазақ­стан­дық­тарды жұмыспен қамту мә­селесінің Елбасымыздыңтұрақты назарында екендігін көрсетсе керек.

Соған орай, өткен жылдың ортасына қарай іс-шаралар жоспары бекіті­ліп, іле «Семей қаласы әкімдігінің жұ­мыспен қамту орталығы» комму­нал­дық мемле­кеттік мекемесі құрылды. Мұның сыртында «Жұмыспен қамту бағдарла­ма­сын» іске асыру жөніндегі қалалық комиссия жасақталды. Осыдан кейінгі жер­де жаңа мекеменің мақсаты мен мін­детін қалың бұқараға жеткізуге күш салдық. Осы мақсатпен жергілікті ақ­парат құралдарының күші­не сүйендік. Сонымен бірге, қала көшелерінде сырт­қы және визуалды жарнамаларды – жа­рық таблоларын, баннерлер мен стен­ді­лерді орнату жұ­мыстары тездетіп қолға алынды. Ор­талық ғимараты да талапқа сай бе­зен­дірілді. Аталған бағдарла­ма­ның негіз­гі үш бағыты ауылды жерлерде де кеңінен насихатталды.

Бағдарламаны іске асыру мақ­саты­мен орталықта, сондай-ақ азаматтарға кеңес беру қызметі ашылды. Күн тәр­тібіндегі мәселе бойынша мекеме, ұйым басшыларымен, ауылдық окург­тер­дің әкімдерімен семинар-жиналыс­тар, дөң­ге­лек үстелдер жиі өткізіле бастады. Осындай жүйелі жұмыс­тардың нәтиже­сінде жыл аяғына дейін орта­лыққа екі мыңға жуық адамнан өтініш түсті. Оның ішінде өз бетінше жұ­мыс­пен айналысып жатқандар да, жұ­мыспен аз қамтылғандар да, мүлде жұмыссыздар да баршылық еді. Бұ­лар­дың арасында жастар мен әйелдер де аз болмады.

Жұмыспен қамту бағдарла­ма­сы­ның үш бағыттан тұратыны белгілі. Бірінші пилоттық бағыт шеңберінде бағдар­ла­маға қатысушылармен мың жарымнан астам шартқа қол қойылды. Өткен жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша белгіленген межеден тыс жүз елуден ас­там кәсіптік даярлауға қабылданды. Олар 42 мамандық бойынша 21 оқу орнында оқып жатыр. Ал қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарында бес жүзден астам адам білім алды. Соның үш жүз елуден ас­тамы жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаға қатысушыларды жұ­мыс­қа орналастыру мақсатында 128 жұмыс берушімен ниет хаттамаларына қол қойылып, сегіз жүзге жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Өткен жылдың екінші жартысында осы жұ­мысқа деп республикалық бюджеттен бөлінген қаржы тұтасымен иге­ріл­ді. Ал бағдарламаның екінші бағыты ал­дағы үш жылды қамтыса, осы мақ­сат­пен орталық ауылды жерде жұ­мыс­сыз­дықпен күресті бастап кетті. Бағ­дар­ламаға қатысушылардың сапына келіп қосылған жүзден астам адамның басым дені шағын несие алуға тілек біл­діріп отыр. Ал өткен жылы шағын несие алуға бөлінген қаржы да тұта­сы­мен игерілген болатын.

Ауылды жерде мал шаруашы­лы­ғын дамыту мақсатымен – 83, көкөніс өсі­ру­ді өркендетуге арналған – 3, ал ша­ғын наубайхана, шаштараз ашуға ар­налған бес бизнес жоба қабылданып отыр.

Бағдарламаның үшінші бағыты бо­йынша халықты экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық өсу орталықтарына көшіру қарас­ты­рылған. Семей өңірі бойынша алты елді мекен есепке алынып отыр. Оларда қоныс аударуға тиіс елу үш отбасы анықталған. Семейде соған орай елу үйдің құрылысы басталып кетті. Бас­тап­қыда жалға берілетін бұл үйлердің бағасы өте төмен. Кейін оны сатып алып жекешелендіруге де болады.

Елбасы биылғы Жолдауында жұ­мыс­пен қамту бағдарламасының үш бағыты биыл одан әрі жалғасын табатынын айтты. Биыл кәсіптік оқы­ту­ға 325, ал қайта даярлау мен білік­тілікті арттыруға бес жүз адам жіберу жос­пар­ланды. Бес жүз адам уақытша әлеу­меттік жұмыс орындарына қабылдан­бақ. Биылғы жылы 135 адамға екі жүз миллион теңгеден астам несие беріл­мек. Ал үшінші бағыт бойынша қолға алынып жат­қан игі жұмысты жоға­ры­да айтып үл­гердік. Экономикалық әлеуеті тө­мен елді мекендерден қалаға қо­ныс аударушылар көшіне 9,908 миллион теңге субсидия қарастырылған.

Міне, осының бәрі айтқанға ғана оңай. Бірақ әлемдік дағдарыстың екін­ші толқынына қарамастан Үкі­меті­міз­дің батыл қадамға барып отырғаны көп нәрсені аңғартса керек. Иә, Үкімет те, жергілікті билік те Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен іске кірісіп кетті. Ал ендігі шаруа өзімізге байланысты. Сондықтан бір жағадан бас, бір жең­нен қол шығара жұмыс істеу керек деп білеміз.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Дәулет Сейсенұлы.

Семей.