Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова АҚШ-тың The Real шоуына қатысып, бағдарлама жүргізушілерін таңғалдырды.
Жүргізушілердің бірі қазақстандық қыздан Калифорнияда не ұнағанын сұрады. Д.Тулешова АҚШ-тың дәріханалары ұнағанын жеткізді.
«Америкадан соңғы рет кетіп бара жатқанымда олардың дүкендері мен дәріханалары есімнен кетпей қойды. Оларда тұрмысқа қажет нәрсенің бәрі бар. Маған Elmer's Glue желімдері ұнады. Мен онымен слайм жасағанды ұнатамын» деді Данэлия.
Тележүргізушілер АҚШ дәріханаларын мақтауын бағалайтынын айтып қалды.
The Real токшоуы 2013 жылдан бері көрерменге жол тартып келеді. Алғаш рет бағдарламаны Fox арнасы ұсынған болатын. Қазіргі таңда шоудың 5 маусымы жүріп жатыр.
View this post on InstagramI can’t believe it, but it’s so REAL ???? #therealdaytime @therealdaytime @warnerbrosentertainment @theworldsbestcbs #theworldsbest #worldsbest
A post shared by Daneliya Tuleshova (@tuleshova_daneliya) on Feb 12, 2019 at 11:25am PST