Сенбі, 5 мамыр 2012 8:28
Бүгінгі таңда Ұлттық қорғаныс университетінде Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері, Республикалық Ұлан сардарлары және Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымына кіретін Қырғызстаннан 7, Тәжікстаннан 11 офицер білім алуда. Университетте тыңдаушыларға барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Оқу залындағы кітап қорының өзі 57 мың дананы құрайтыны, онда электронды кітапхана ұйымдастырылғаны ғылыми әлеуеттің жыл санап қуаттанып келе жатқандығын білдіреді.
Сенбі, 5 мамыр 2012 8:28
Бүгінгі таңда Ұлттық қорғаныс университетінде Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері, Республикалық Ұлан сардарлары және Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымына кіретін Қырғызстаннан 7, Тәжікстаннан 11 офицер білім алуда. Университетте тыңдаушыларға барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Оқу залындағы кітап қорының өзі 57 мың дананы құрайтыны, онда электронды кітапхана ұйымдастырылғаны ғылыми әлеуеттің жыл санап қуаттанып келе жатқандығын білдіреді.
Биылғы жылдың ақпан айында Ұлттық қорғаныс университетінің құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар ішінде Орталық Азиядағы бірегей оқу орнының ұжымы көптеген айтулы жетістіктерге қол жеткізгені анық. Мұны 34 офицеріміздің университетті үздік бағамен бітіргенімен дәлелдей аламыз. Осы жылдар аралығында университетті бітірген 9 адам генерал атағын алды. Контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов еліміздің Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, генерал-майор Талғат Қойбақов «Оңтүстік» аймақтық әскерлерінің басқарушысы, генерал-майор Асхат Рыспаев ҚР Құрылықтағы әскерлер институтының бастығы болса, Дәулет Оспанов пен Еркін Ботақанов Аэроұтқыр және Ішкі әскерлер бастықтарының бірінші орынбасарлары қызметтерін атқаруда. Сондай-ақ, университетте әр жылдарда есімдері елге белгілі генерал-лейтенанттар Бақытжан Ертаев, Болат Жанасаев, Абай Тасболатовтардың басқарғанын айта кетуге тиіспіз. Биыл І курста Қазақстанның Халық ҚаҺарманы капитан Азамат Жұмәділов оқып жатыр.
2006 жылдан бастап халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстанның әскери білім беру жүйесінде алғашқылардың бірі болып несиелік білім беру жүйесіне көшіп, білім беру бағдарламасын және зерттеу жұмысын табысты игерген түлектеріне «магистр» академиялық дәрежесін бере бастады.
2008 жыл Ұлттық қорғаныс университеті үшін маңызды болып есептеледі, себебі осы жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен университет жанынан алғаш рет халықаралық дәрежесі бар Докторлық диссертациялық кеңес құрылды. Оның құрамына Ұжымдық Қауіпсіздік Ұйымына мүше үш мемлекеттің 18 ғылым докторы енген. Сонымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының әскери қызметкерлері үшін ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежеге ие болу үшін докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау мүмкіндігі туды. Нәтижесінде, 2008-2010 жылдар аралығында Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы Докторлық диссертациялық кеңесте 6 докторлық және 23 кандидаттық диссертациялар табысты қорғалды.
2011 жылдың 1 қыркүйегі – Білім күні – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков салтанатты түрде әскери және мемлекеттік басқару факультетін, докторантураны және ҚР ІІМ Ішкі әскерлер факультетін ашты. Сөйтіп, Орталық Азия аумағында жоғарыдан кейінгі кәсіби әскери білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада және докторантурада әскери, ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындайтын бірден-бір әскери оқу орнының жаңа тарихи беті ашылды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
Ақмола облысы,
Бурабай кенті.