Халықаралық әйелдер мерекесінде өскемендік арулар трамваймен тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Тасымалдаушы компания мерекеге орай осындай тосынсый жасауды жөн көрген. «Бұл - біздің компания, қала әкімдігі және «Регистан» фирмасының бірлескен акциясы, ортақ идеямыз. Әйелдер қауымын қуантқымыз келеді. Сондықтан 8 наурыз күні таңнан кешке дейін аруларды тегін алып жүреміз», - деп мәлім етті «Өскемен көлік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен.