• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Наурыз, 2019

«Біздің ауланың чемпиондары» әлеуметтік жобасы қолға алынды

1063 рет
көрсетілді

Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен айтулы қалада «Біздің ауланың чемпиондары» әлеуметтік жобасы қолға алынды. 

Бұл жобаның негізгі мақсаты – балалар, жас жеткіншектер және жастарды салауатты өмір салтына ынталандырып, оларды спортқа көптеп тарту. Жаттығулар өз аулаларында, арнайы дайындықтан өткен нұсқаушы мамандардың жетекшілігімен өтеді. Бұл жаттығуларға 6-17 жас аралығындағы ұл-қыздар тегін қатыса алады. 

«Жастар жылына» орай қолға алынған осы жоба аясында жаттығулар мына мекенжайларда өтеді:

Өмірзақ кенті

2-ықшамауданы – 58, 59 үйлер

4-ықшамауданы – 2 үй

7-ықшамауданы – 27 үй

11-ықшамауданы – 36, 11-12 үйлер

12-ықшамауданы – 48-49, 42-47 үйлер

13-ықшамауданы – 19, 36 үйлер

19-ықшамауданы – 4 үй

16-ықшамауданы – Тыныштық

22-ықшамауданы – 29 үй

26-ықшамауданы – 22 үй

27-ықшамауданы – 57, 25, 46, 64 үйлер

31А-ықшамауданы – 23 үй

32А-ықшамауданы – 20 үй

32-ықшамауданы – 4 үй

33-ықшамауданы – 22 үй

34-ықшамауданы – 6 үй.

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»