• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2025

Батыс Қазақстан облысында екі бала метапневмовирусты жұқтырған

44 рет
көрсетілді

Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жағдайда да 14 жасқа дейінгі балалар жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын инфекцияның таралу қаупін азайту үшін алдын алу шараларын сақтауға шақырады. Ұсыныстар мыналарды қамтиды: бөлмелерді желдету, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу, ауру адамдармен қарым-қатынасты шектеу және оларды оқшаулау. Балаларға ерекше көңіл бөлулеріңізді, суық тию белгілері пайда болған жағдайда оларды балабақша мен мектепке жібермеуіңізді сұраймыз. Жағдайы нашарласа, медициналық көмекке жүгіну керек», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және кей жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы тарайды. Инфекцияның негізгі белгілері - жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы.