• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Наурыз, 2019

Шарын шатқалы аймақтың сәніне айналады

1779 рет
көрсетілді

Алматы облысының Кеген ауданының аумағындағы Шарын шатқалы еліміздің туристік жауһары санатында.

Дүниежүзі бойынша дәл осы Шарын тектес шатқал  Солтүстік Америкада ғана бар. Сол себептен алып даладағы терең құзды көріп, тамашалауға  ел ішінен бөлек, шетелден де адамдар легі жиі келеді.

Бұйырса, Шарынға келушілердің табиғат аясындағы демалысын лайықты өткізуге жағдай жасалмақ. Жер аяғы кеңи сала, шатқал бойында құрылыс басталды. Жоба бойынша бұл жерге заманауи ойын сауық паркі салынбақ. Құны 1,5 млрд теңге болатын құрылыс Шарын шатқалының жаңа бейнесіне айналмақ. Қазір «Park Canyon» серіктестігі әлемдік талапқа сай келетін ойын сауық паркінің құрылысына кірісті. Жобаны келер жыл толық аяқтамақ.  Нысан жобасында ұзындығы 200 метр және биіктігі 80 метрге жететін үш аспалы көпір салынбақшы. Сондай-ақ, 40 адамға арналған қонақ үй құрылысы да басталады.

- Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 24 гектар жер телімі бөлініп отыр. Осы жылы бірінші кезекте 700 млн теңгеге құрылыс жұмыстарын бастайды. Жоба іске қосылған жағдайда жылына орта есеппен 375 млн теңгеге ақылы туристік қызмет көрсететін болады. Болашақта 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, бюджетке жылына 47 млнтеңге қаражат түсіреді деп жоспарлап отырмыз, - дейді Кеген ауданының әкімі Талғат Бәйеділов.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы