• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қазан, 2012

Жасампаздық жолындағы жақындастық

390 рет
көрсетілді

Жасампаздық жолындағы жақындастық

Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:18

Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі кездегі ынтымақтастығы туралы

17-18 қазанда Алматыда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылдануының 20 жылдығына орай халықаралық конференция өтті. Басқосу тақырыбы ХХІ ғасырдағы жанжалдардың себептері, әлемдегі қауіпсіздіктің дәстүрлі емес қатерлерін айқындау және аталған проблемаларға халықаралық қоғамдастықтың назарын аудару, сондай-ақ Қазақстанның «Green Bridge» («Жасыл көпір») бастамасына қолдау көрсету болды.

Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:18

Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі кездегі ынтымақтастығы туралы

17-18 қазанда Алматыда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылдануының 20 жылдығына орай халықаралық конференция өтті. Басқосу тақырыбы ХХІ ғасырдағы жанжалдардың себептері, әлемдегі қауіпсіздіктің дәстүрлі емес қатерлерін айқындау және аталған проблемаларға халықаралық қоғамдастықтың назарын аудару, сондай-ақ Қазақстанның «Green Bridge» («Жасыл көпір») бастамасына қолдау көрсету болды. Халықаралық алқалы жиынға Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Үкіметінің, еліміз Сыртқы істер министрлігі мен дипломатиялық корпустың, Білім және ғылым министрлігінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, алыс-жақын шетелдерден ғалымдар қатысты.

Ал 24 қазан Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні. Төменде осы айтулы екі оқиғаға байланысты арнайы жазылған мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Бірғаным ӘЙТІМОВА,Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі.

Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға өзінің тәуелсіздігін ал­ғаннан кейін екі жарым айдан соң, яғни 1992 жылдың 2 наурызында толыққанды мүшелікке өтті. Қазақстан БҰҰ-ға қабыл­данған кезінде ешқандай жан­жалға тартылмаған, ешқандай ішкі және сыртқы дағдарыстары мен қарама-қайшылықтары жоқ әлемдегі аздаған елдердің бірі болатын. Өзінің даму жолында еліміз тұрақтылықтың эпицентрі болып қалып келеді. Мұнда мем­лекетті жасампаздық жолымен дамытуға барынша күш-жігер жұмсап келе жатқан Ел­басының үлкен еңбегі бар екені күмәнсіз.Біріккен Ұлттар Ұйымына мү­шелікке өткен Қазақстан сол уа­қыттан бері БҰҰ Жарғысында бе­кітіл­ген адам­дардың құқы мен бос­тан­ды­ғын қамтамасыз ету туралы мін­деттемелеріне адалдық та­нытып келеді. Отанымыз мін­деттеме­ле­рімен қатар, әлемдік қоғамдас­тыққа толыққанды интеграциялану құқын алды. Бұл өз кезегінде БҰҰ тарапынан жас тәуелсіз мемлекет үшін қажетті реформаларды жүзеге асырып, жаңғыру үшін керек болып табылатын институттар құруға мүм­кіндік берді.Мүшелікке өткен алғашқы күнінен бастап Қазақстан БҰҰ мен оның арнайы мекемелерінің жұмысына аса белсенділікпен қатысып келеді. Бұл ынтымақ­тастық мемлекетіміз сыртқы саясатының басым бағыттары­ның бірі болып табылады.Ұйым жұмысына қатысу, БҰҰ штаб-пәтерінде біздің ұлт­тық мүд­демізді тікелей ілгері­лету, Ұйымға мүше мемлекеттермен ынтыма­қ­тас­тықты ны­ғай­ту мақса­тында 1992 жылдың 15 маусы­мын­да Қа­зақстан Республикасы Президен­тінің Жар­лығымен Қа­зақстан Рес­публика­сының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі ашылды.Өзінің 20 жылдық қызме­тінде Тұрақты өкілдік Қазақстан сыртқы саясатын халықаралық аренаға шығаруда, халықаралық қауіпсіздік пен еліміздің және өңірдің маңызды әлеуметтік-эко­номикалық проблемаларын шешуде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. БҰҰ күн тәртібіне кіре­тін барлық мәселелерді шешудің белсенді қатысушысы бола отырып, Қазақстан өзінің Ұйыммен ынтымақтастығы аясында бірқа­тар басым бағыттарға ерекше назар аударады.Тәуелсіздігіне қол жеткізген­нен кейін Қазақстан бұрынғы КСРО-ның аса ірі ядролық арсеналына иелік етіп қалды. Еліміз аумағында Семей ядролық полигоны жұмыс істеп тұрды. Сол кезде ел басшылығы тарапынан ядролық қарудан бас тарту туралы ең дұрыс шешім қабылдан­ғанын ерекше атап өту керек. 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев Семей полигонын жабу туралы тарихи Жарлыққа қол қойды. Осылайша, Отаны­мыздың ядросыз саясат негізіне берік іргетас қаланды. Осы тарихи оқиғадан кейін 20 жылдай уақыт өткенде, БҰҰ Бас Ассам­блеясының 64-ші сессиясы Қа­зақстанның бастамасын қолдап, 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялады.Ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, ядролық сынақ полигонын жабу әлемдік тәжіри­беде бұрын-соңды кездеспеген оқиға еді. Мұны 2010 жылдың сәуі­рінде, БҰҰ тарихында алғаш рет, жарылыстардың эпицентрі – Семей ядролық сынақ полигонында болған кезінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун де ай­рықша атап көрсетті. Журналистермен әңгі­мелесуі барысында ол сондай-ақ, бүгінде Семей ядролық қару­сыздану қажеттілі­гінің жарқын айғағы болып табылатынын көл­денең тартты. «Қазақстан ядро­лық қарусыз­дану саласында на­ғыз көшбас­шылық танытып келе­ді. 1991 жылы Президент Нұр­сұлтан Назарбаев Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тарту туралы нағыз батыл шешім қабылдады. Бұл алысты болжаған көрегенді қа­дам болатын», деді БҰҰ басшысы. Ол барлық елдердің, әсіресе, ядро­лық держава елдерінің басшыларын Қазақстаннан үлгі алуға шақырды.БҰҰ Бас хатшысының Қазақ­станда бірнеше мәрте болғанын атап өткен орынды. Және бұл БҰҰ жоғары басшылығының жағдайы тұрақты, жанжалы жоқ мемлекетке сапарлары тәжірибе­сінде жоқ оқиға еді. Демек, мұн­дай ізетті қадамдар Бас Ұйым жоғары басшылығының елімізді, Елбасымыздың оң бастамаларын құптап қана қоймай, шын мә­нінде құрметтейтінін көрсетеді.БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдік халықаралық қоғамда­с­тық­тың назарын Семей полиго­нындағы сынақтардың зардаптарын жедел жою қажеттігіне аудару бойынша жұмыстар жүргізіп келеді. 1997 жылдан бастап осы бағытта 6 қарар қабылданды.Халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 2009 жылдың наурызында Семейде бес Орталық Азия мем­лекеті қол қойған Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ деп жариялау туралы шарттың күшіне енуінің салмақты үлес болып қосылғаны анық. Қазақ­стан ядролық қауіпсіздікті ны­ғай­ту бойынша және ядролық ма­териалдардың таралуының алдын алу мен Орталық Азия аймағында ядролық терроризммен күреске байланысты өңірлік іс-қимыл жоспарын жасауға бастамашылық танытты.Қазақстанның БҰҰ-дағы та­ғы бір маңызды басымдық­тары­ның бірі этносаралық және дін­аралық толеранттылық мәселесі болып табылады. Еліміз БҰҰ туы астында құрылған, 80-нен астам мемлекет пен халық­ара­лық ұйым кіретін Өркениеттер альянсы достарының тобына енеді. Сондай-ақ Қазақстан 2010 жылды Мәдениеттерді жақын­дас­тырудың халықаралық жылы деп жариялау бастамашыла­рының бірі болды. Бастаманың мақсаты – мәдени көпқырлылық пен мәдениеттер арасындағы өзара алмасуларды жүзеге асыру.Бұл мақсаттарға, сонымен қатар, Қазақстан бастамашылық жасаған және бүгінде бүкіл әлем танып мойындаған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шылары­ның съездері қызмет етіп келеді. Қазақстан бастамалары бейбіт­шілік пен қауіпсіз­дікті қамта­ма­сыз ету ісінде нақты нәти­желерге қол жеткізу үшін жер­гілікті, ұлт­тық, өңірлік және ха­лықаралық деңгейлердегі үнқа­ты­суларды ын­таландыруды көздейді.Қазақстан қызметінің тағы бір маңызды құрамдасы теңізге шығатын жолдары жоқ мемле­кет­тердің сауда және транзитті-көліктік әлеуетін нығайту мәсе­лелерін шешу болып табылады. Бұл саладағы Қазақстанның ерекше орнын 2003 жылы Алматыда ұйымдастырылған теңізге шығатын жолдары жоқ дамушы елдердің қатысуымен өткен халықаралық министрліктер конференциясы айғақтайды. Сол жолы қабылданған Алматы дек­ларациясы мен Алматы іс-қимыл бағдарламасы қазіргі кезге дейін өзінің көкейкестілігін жойма­ға­ны өз алдына, БҰҰ-ға мүше мем­лекеттердің осы ба­ғыт­тағы халықаралық ынтымақ­тас­тығын нығайтуға қажетті құқықтық не­гіз қалап отыр.Қазақстан 2010 жылы Бела­русьтің бастамасы бойынша құрылған, 20 мемлекеттің басын біріктіретін Адамдар саудасына қарсы достар тобының мүшесі екенін де айта кетейік. Біз 2010 жылдың басында БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан қабылдан­ған Адам саудасына қарсы жаһандық іс-қимыл жоспарын жа­сауға белсенді қатыстық. Қа­зақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сінің ашық пікірталастар ала­ңында кең ауқымды мәселелерді талқылау шараларына да белсене қатысып жүр. Бұл проб­ле­малардың аясы, сонымен бірге, ядролық және кәдімгі қарусыз­дану, ғарышты бейбіт мақсатта пайдалану, Таяу Шығыстағы, Палестинадағы жағдайлар, бі­тім­­гершілік, Иран мен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарлама­лары, Ауғанстандағы ахуал, созылмалы жанжалдар, трансұлт­тық қылмыс, есірткі тасымалы және т.б. мәселелерді қамтиды.Қазақстан БҰҰ-ның тағы бір орталық органы – Экономика­лық және әлеуметтік кеңестің (ЭКОӘЛК) әлеуметтік және эко­номикалық бағыттағы бірқатар маңызды жұмыстарына да белсене қатысып келеді. Өзінің ЭКОӘЛК-ге 2008 жылғы мүше­лігі кезінде Қазақстан 8 мем­ле­кет­тің ішінде алғаш болып Кеңестің ресми құжаты ретінде таратылған Мыңжылдықтар даму мақсаттарын орындағаны туралы баяндаманы өз еркімен жасап ұсынды.Елімізде 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустрия­лық-инновциялық даму бағдар­ла­масы қабылданғаны белгілі. Бұл Ота­ны­­мыздың экономика­лық дамуы­ның стратегиясы болып табылады. Сондықтан Қа­зақстанға үс­тіміздегі жылдың маусым айында ұйымдасты­рылған БҰҰ тарихын­дағы аса маңызды оқиғалардың бірі – БҰҰ-ның орнықты даму жөнін­дегі «Рио+20» конференциясына қатысуы өте маңызды жә­не пайдалы болды. Бұл ауқымды шара дамудың 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен «Жер планетасы» тарихи самми­тінен бергі 20 жылдығына арналды. «Рио+20» кездесуінің басты та­қы­рыптары экономиканы экология­ландыру мен кедейшілікті жою, сондай-ақ орнықты даму қадам­дары болды. Президент Нұр­сұлтан Назарбаев «Рио+20-ның» қарауына ХХІ ғасырдағы орнық­ты дамудың жаһандық энерго-эко­логиялық стратегиясы мен «Жасыл көпір» бастамасын ұсынды.Жаһандық энерго-экология­лық стратегия барлық елдердің энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарға деген қа­жеттіліктерін экология үшін зардабы тимейтіндей деңгейде қа­нағаттандыруға бағытталған. Ал «Жасыл көпір» бағдарламасы Еуропа, Азия және Тынық мұхи­ты елдерінің әріптестігін даму­дың қазіргі дәстүрлі модельде­рінен «жасыл» өсім тұжырым­дама­ларына өткізу мақсатын көздейді.Қазақстан басшысының жа­һандық бастамалары туралы айт­қанда, оның халықаралық эконо­микалық және қаржы жүйелерін жетілдіру, жаһандық экономи­калық және қаржы дағдары­сының салдарын еңсеруде үй­лесімді шаралар қабылдау мен болашақта мұндай келеңсіздік­терді болдырмау бойынша ұсы­ныстар жаса­ғанын атап өткен орынды.Дағдарысты еңсерудің маңы­зы мен халықаралық қаржы қатынастарының жаңа үлгілерін іздестіру қажеттігін ескере отырып, Қазақстанның Тұрақты өкілдігі аталған бағыттарда нақ­ты ұсыныстар мен идеялар қам­тылған Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын БҰҰ Бас Ассамблеясының ресми құжат­тары ретінде үш мәрте таратты.Қазақстанның БҰҰ-дағы мін­деттері ауқымды. Және сәйке­сінше еліміздің Ұйым істеріндегі қызығушылық алаңы да кең. Мысал үшін Қазақстан делега­ция­сының бір жыл ішінде жасайтын мәлімдемелерінің санына сілтеме жасасақ та жеткілікті. Мәселен, Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясы әр сессиясының күн тәртібіне түрлі тақырыптар бойынша шамамен жүз шақты мәлімдеме жасайды.Қазақстанның БҰҰ жанын­дағы Тұрақты өкілдері төрт мәрте БҰҰ Бас Ассамблеясы түр­лі сессияларының вице-пре­зи­денттігіне сайланды. Бұған қоса, біз БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі комиссиясы 20-шы сессиясының төрағасы болып сайландық. Үстіміздегі жылдың басында Қазақстан ЮНИСЕФ-тің Атқарушы кеңесінің Бюро құрамына бір жыл мерзімге сайланды. Сонымен қатар, тағы бір маңызды жетістігіміз үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында Қазақ­стан өкілі – белгілі заңгер, Қа­зақ­стан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, профессор Марат Сәрсембаев­тың Адам құқы жөніндегі комитет мүшелігіне сайлануы болды.Біз үшін 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке сайлану маңызды міндет болып табылады. Сайлау 2016 жылы өтетін­дігіне қарамастан, БҰҰ-ға мүше мемлекеттерден қолдау алу жө­ніндегі сайлау науқаны қазірдің өзінде басталып кетті.Шамамен 20 адам – Қазақ­стан азаматтары БҰҰ-ның түрлі органдар жүйесінде жұмыс іс­теп, Ұйымның бітімгершілік, даму, есірткіге қарсы күрес, бюджет мәселелері, конференциялық қамтамасыз ету, байланыс және ақпараттық технологиялар сияқ­ты қызметтеріне қатысып келеді.Біз Қазақстан Республикасы Президентінің еліміз өкілін БҰҰ-ның аса жоғары лауазым­дарының біріне ілгерілету жө­ніндегі жобасы табысты жүзеге асырылғанын мақтанышпен айта аламыз. БҰҰ жүйесінде маңызы жөнінен екін­ші дәрежелі лауазымды – БҰҰ Бас хатшысының орынбасар­лы­ғын тарихымызда тұңғыш рет отандасымыз Қа­сым-Жомарт То­қаев иеленсе, ол сондай-ақ БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры және Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы болып табылады. Қ.То­қаевтың тағайындалуы – Қа­зақстан өкіл­дігінің кәсіби және саяси деңгейі жоғарылығының, туған Отанымыз бен оның басшысы беде­лінің танылып, мо­йын­далға­нының айғағы.Енді БҰҰ-ның Қазақстан­да­ғы жұмысы туралы қысқаша айта кетейік. Қазіргі кезде Қазақ­станда БҰҰ-ның мына құры­лымдары: БҰҰ-ның Даму бағ­дар­ламасы (БҰҰДБ), БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ қорының халықтың орналасуы саласындағы субөңірлік офисі (ЮНФПА). Сондай-ақ БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәде­ниет мәселелері бойынша өңір­лік өкілдігі (ЮНЕСКО), БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы (БҰҰ БЖКБ), БҰҰ-Әйелдер, БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД бойынша бірлескен бағдарламалары (ЮН­ЭЙДС), БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқар­масы (БҰҰ ГМҮБ) жұмыс іс­тейді. Және Қазақстанда Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының (ДДҰ), БҰҰ-ның есірткі және қылмыстылық бойынша басқармасының (БҰҰ ЕҚБ), Ха­лықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) офистері тіркелген.Ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы айтатын болсақ, Қазақстан БҰҰ мен оның институттарының мүм­кіндіктерін мақсатты түрде пайдалану ниетінде. Бұл, әсіре­се, Арал мен Балқаштың құр­ғауы, бұрынғы Семей полигоны аумағының ра­диоактивті сәуле­ленуі, ауыз су көздерінің ластануы мен олардың жалпы азаюы, оның ішінде мұз­дықтардың еруі мен климат­тың өзгеруі, т.б. экономикалық және гумани­тар­лық, техногендік және экология­лық апаттардың те­ріс сал­дарын жұмсартуға бағыт­тал­ған нақты шаралардан айқын кө­рінеді. Ке­лесі бір маңызды мін­дет бір­қатар гуманитарлық сипат­тағы, оның ішінде кедейшілікті азайту, тұрғындар денсаулығын жақсар­ту, ана мен бала өлім-жі­тімін тө­мендету сияқты бірқатар проблемаларды шешу болып табылады. Осыған байланысты Мың­­жылдық даму мақ­саттары мен орнықты даму қағи­даттарына тиімді және дер ке­зінде қол жет­кізуге бағытта­латын шараларға ерек­­­ше назар аударылатын болады.Қазақстанның аталған мақ­сат­тарға жету жөніндегі өз мін­дет­темелеріне адалдығы еліміз­дің БҰҰ-мен қарым-қатынасын одан әрі дамытуына негіз қалай бермек.