• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Сәуір, 2019

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тексеру кезінде 20-дан астам қылмыстық іс қозғалды

1106 рет
көрсетілді

Тексеру нәтижелері бойынша науқастардың препараттарды ДҚАЖ бағдарласмасында, сондай-ақ қолданылмаған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалдықтары түскендігі анықталды. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады.

«Елдің 11 өңірінде 2016 – 2017 жылдардағы дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қалдықтарының жалпы сомасы 4,3 млдр. теңге. Бұл ретте ДҚАЖ-де өңірлер бойынша қалдықтар жоқ, барлық дәрі-дәрмектер науқастармен шығарылған. Бас прокуратураның тексеру қорытындысы бойынша өңірлерде бүгінгі күні 20-дан астам қылмыстық іс қозғалды», - деді Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комиетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.

Людмила Бюрабекова сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі Елжан Біртановтың тапсырмасымен, 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі алқа отырысының деректері бойынша, 2018 жылы Қазақстанның 70 медициналық мекемесінде психиатриялық, онгкологиялық аурулармен, АИТВ/ЖИТС және туберкулезбен аурытаын науқастарға дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды және науқастардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілуін талдау мониторингі жүргізілді. 

Ол мониторинг нәтижелері бойынша қажеттіліктің дұрыс емес (артық) қалыптасуы, науқастардың дәрілік заттармен толық көлемде және тұрақты емес қамтамасыз етілуі, дәрілік заттарды тиімсіз пайдалану және науқастарды тұтыну нормасынан тыс препараттармен қамтамасыз ету, берілген рецептілер туралы жазбалардың болмауы, медициналық ұйымдардың дәрілік формулярына дәлелденген клиникалық тиімділігі жоқ препараттарды енгізу, бекітілген шекті бағадан асатын баға бойынша дәрілік препараттарды өз бетінше сатып алу фактілерін анықтағанын, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын диспансерлік науқастардың тіркелімінде болмауы, жазылған рецептердің ақпараттық жүйеде және науқастың амбулаториялық картасында дәрілік заттардың саны бойынша сәйкес келмеуін айтты. Мониторингтің барлық материалдары шаралар қабылдау үшін ҚР Бас прокуратурасына берілді.

«Сонымен қатар, әр аймақтан ҚР ДСМ Фармация комитетінің аумақтық департаменттері өкілдерінің қатысуымен өңірлерде тоғыспалы тексерулер түрінде мониторингтің екінші кезеңі басталды. Мониторингтің аяқталу мерзімі 29 сәуір», - деді Людмила Бюрабекова.

Бұдан басқа, науқастардың тегін амбулаториялық қамтамасыз етілуі үшін дәрілерді тиімді жоспарлау мәселесін шешу үшін Министрлік өтінімді қалыптастыру кезінде электрондық форматқа көшу туралы шешім қабылдады.