• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2019

Бүркіттердің санын алуға арналған экспедиция жолға шықты

982 рет
көрсетілді

10 сәуірде сағат 7:00-де Алматы облысындағы бүркіт балапандарын шығаратын орында жабайы табиғатта мекендейтін бүркіттерді есепке алуға арналған арнайы экспедиция басталды.

Экспедиция «Сұңқар» тәлімбағының қолдауымен жеті жыл бойы жүзеге асырылып келе жатқан «Эфес Қазақстан» компаниясының «Үлесіңді қос. Табиғатты аман сақтап қал» атты жобасының аралық қорытындысын шығаруға арналған.

Орнитолог Сергей Шмыгалев, көмекші-жүргізуші Владимир Исаенко және екінші жүргізуші Игорь Свастиннен құралған Сұңқар тәлімбағы мамандарының командасы арнайы керек-жарақтарымен және GPS-навигациямен жабдықталып, межеленген бағдар бойынша екі жол талғамайтын көлікпен жолға шықты.

Сергей Шмыгалевтің жетекшілік етуімен экспедиция бүркіттер мекендейтін жерлерге, соның ішінде «Өз үлесіңді қос. Табиғатты аман сақтап қал» бүркіттерді қорғау бағдарламасы аясында құстарды шығару мекендерінде болып қайтады.

Қазақстан аумағында мекендейтін бүркіттердің санын есептеу соңғы мәрте 2012 жылы өткізілген болатын. Жеті жыл бойы осындай мақсатқа бағдарланған жұмыс жүргізілмеген болатын.

2012 жылдағы есепке алудың нәтижесі және орнитологтардың бірқатар бағалауы бойынша бүркіттердің популяциясы азайған, Үлкен және Кіші Бөгіт аймағында (Алматы облысы) бар-жоғы 4-5 жұп қана қалған.

«Эфес Қазақстан» компаниясының Қазақстанда 2012 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан «Үлесіңді қос. Табиғатты аман сақтап қал» атты жобасы қазақстандық бүркіттер популяциясын толықтыруға бағытталған. Осы кезең ішінде «Сұңқар» тәлімбағында 25 бүркіт балапаны өсіріліп, табиғат аясына жіберілді.

«Бүркіттер 5-6 жылдан кейін көбейе бастайды. Қазір 2013 жылы еркіндікке жіберілген құстарды есептеу үшін қолайлы уақыт. Біз 2013 жылдан бері табиғат аясына жіберілген бүркіттердің мекеніне барып қайтамыз. Бұл Алматы облысы, Жоңғар Алатау тау сілемдері – Арқарлы және Малайсары тау қырқасы; Іле Алатау – Үлкен және Кіші Бөгіт, Торғайғыр, Сүйғоты, Шарынның жоғарғы жағы», – дейді топ жетекшісі Сергей Шмыгалев.

Экспедиция Алматы облысы аумағын қамтымақ. «Сұңқар» орталығының мамандары қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жоспар мен жол бағдарын дайындады. Топ құстарды есепке алуға және фото-және бейне түсірілімдерді жасауға арналған бүкіл қажетті техникамен жабдықталған.

2019 жылдың 10-12 сәуір күндері Арқарлы және Малайсары, 13-15 сәуір күндері Үлкен және Кіші Бөгіт, 16-17 сәуірде Сүйғоты таулары, 18-20 сәуірде Торайғыр және Шарын жоғарғы жағы тексеріледі. Экспедиция уақыты ауа-райы жағдайларына және жол бағытының қиын болуына байланысты ұзартылуы мүмкін.

Команда қайтқан соң бірден «Сұңқар» тәлімбағында БАҚ-пен кездесу өтіп, экспедиция қатысушылары толығырақ ақпаратпен бөлісетін болады.

Алматы