• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
05 Қыркүйек, 2012

Мемлекеттік қызметші мәртебесіне дақ түспесін

301 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызметші мәртебесіне дақ түспесін

Сәрсенбі, 5 қыркүйек 2012 7:18

Қазақстанда жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың не­гізгі басымдығы болып белгі­ле­н­ген. Сондықтан елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша кезең-кезеңімен және жүйелі түрде жұмыс жүргізіліп келеді.Осы бағытта атқарылған жұ­мыс­­тарға тоқтала кетсем, өткен жылы тәртіптік кеңестің ұсы­ны­сы бойынша 125 мемлекеттік қыз­мет­­шіге тәртіптік жаза қолда­нылса, оның 67-сі сыбайлас жем­қорлыққа барғаны үшін тәртіптік жаза алды. Ал биылғы жылдың 6 айында 42 тәртіптік іс қаралып, оның ішінде 4 мемлекеттік қыз­меткер сыбайлас жемқорлық си­патындағы құқық бұзушылығы үшін жазаланды.

Сәрсенбі, 5 қыркүйек 2012 7:18

Қазақстанда жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың не­гізгі басымдығы болып белгі­ле­н­ген. Сондықтан елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша кезең-кезеңімен және жүйелі түрде жұмыс жүргізіліп келеді.Осы бағытта атқарылған жұ­мыс­­тарға тоқтала кетсем, өткен жылы тәртіптік кеңестің ұсы­ны­сы бойынша 125 мемлекеттік қыз­мет­­шіге тәртіптік жаза қолда­нылса, оның 67-сі сыбайлас жем­қорлыққа барғаны үшін тәртіптік жаза алды. Ал биылғы жылдың 6 айында 42 тәртіптік іс қаралып, оның ішінде 4 мемлекеттік қыз­меткер сыбайлас жемқорлық си­патындағы құқық бұзушылығы үшін жазаланды.

Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу басқармасының мәліметтері үстіміздегі жылғы 1 тоқсанда облыс бойынша 29 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тар­тылғанын айтады. Оның ішін­де мемлекеттік қызметшілер саны – 14, мемлекеттік қызметшіге теңес­ті­рілгендер – 7 (5-еуі білім саласын­­да), құқық қорғау және кеден ор­ган­дарының қызметкерлері – 8 адам. Осы 29 лауазым иесінің 7-і тәр­тіп­тік кеңесте қаралып, басқа­ларын мем­лекеттік орган басшы­ла­рының өздері қарап, жазаға тартқан.Бүгінде сыбайлас жемқорлық үшін жазаның күшейтілуі себебі­нен қызметінен айырылу қаупі төн­ген қызметшілер неше түрлі айлаға баруды әдетке айналдыра бастады. Олардың тәртіптік ісі қаралар кезде ауруханаға жатып алуы, сотқа шағымданып, істі қарауды уақыт­ша тоқтатып қоюы, сосын сот ша­қыруына келмей, істі сағыздай созуы да жиілеп барады. Тіпті кейбір органдарда жазадан қашып, бала күтімі бойынша «демалысқа» кеткен азаматтар да бар.Мемлекеттік органдар жыл са­йын өздерінің жемқорлыққа қарсы жоспарларын бекітіп отырады. Бірақ, өкінішке қарай, бұл жоспарлар тек қана қағаз күйінде қалып отырғанын талдау көрсетті. Ал жемқорлықпен ішкі күрестің түрі уақытылы декларация тапсыру және тоқсанына бір рет құқықтық сабақ өткізумен шектеліп отыр. Органдар өз қызметіндегі проблемаларды талдап, бастама көтер­мей­ді. Өз арасындағы жемқорлық­пен күресіп, оны әшкерелеудің орнына, әріптестерін жазадан құтқа­руға тырысады. Мұны «корпора­тивтік бірлік» деп күпінетіндер де кездеседі. Алайда бұл «корпора­тив­тік бірлік» емес, құқық бұзу­шыны жасыру, яғни заңсыздыққа бару болып табылады.Мемлекеттік органдардағы жем­­­қорлық сипатындағы құқық бұзу­шылықтар кадрларды іріктеуден бастау алатыны өтірік емес. Неге? Өйткені, қолданыстағы конкурс өткізу механизмі әділеттілікті қам­тамасыз ете алмай отыр. Конкурс­тар өткізуде формальділік басым, өйткені қорытынды шешім шығару кезінде комиссия басшыға тәуелді болуда. Сондықтан мемлекеттік қызметке білімі, білігі барлар емес, «ағалары» мен «қалталары қалың­дар» өтіп кетіп жатады.Сонымен бірге, тесттен өткен үміткерлердің ішінен таңдау жүр­гізудің ешқандай критерийлері белгіленбеген, барлығы мемле­кет­тік орган басшысының құзырында. Осыны пайдаланып, мемлекеттік қызметке біліктілігі аз, моральдық келбеті төмен адамдар кіру мүм­кін­дігі жоғары. Ал тәртіптік кеңес­тің мемлекеттік органдарда кадр­ларды іріктеу үдерісіне араласуы заңсыз болып табылады. Осындай себептер мен салдарлар аттестация, қызмет­шілерді ауыстыру ке­зін­де де орын алуда. Қызмет­ші­лерді мәжбүрлеу арқылы төмен лауазымға ауыстыру фак­ті­лері де орын алуы мүмкін. Айтайын де­ге­німіз, «Мемлекеттік қыз­мет­тің жаңа моделінің тұжырым­дамасы» осы айтылған кемшілік­тер­ді жою, мемлекеттік қызметші­лердің сапасын арттыруға, сол ар­қылы сыбайлас жемқорлық деңге­йін төмен­детуге бағытталып отыр. Өйткені, тұжырымдамаға сәйкес, жақында «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға бірқатар өзгерістер ен­гі­зіліп, кадрларды іріктеу меха­низмі жа­ңадан қалыптастыры­ла­тын болады. Кадрлар резервін жа­ңа тұрғыда қалыптастыру «ко­ман­далық жү­йе­ден» арылуға септігін тигізбек.Сапалы кадрлар тұрақтылығын сақтау үшін саяси қызметшілер, «А» және «Б» корпусындағы мем­лекеттік қызметшілер санаты анық­талады. Қазіргі уақытта «корруп­цио­гендік лауазымдар» тізбесі жасалып жатыр, оған жатқызылған лауазым иелеріне қосымша жем­қорлыққа қарсы арнайы тексеру жүргізілетін болады.Егер облыстағы мемлекеттік қызметтің мониторингі бойынша статистикалық көрсеткіштерді мы­салға келтірер болсақ, 2012 жыл­дың 1 шілдесіне мемлекеттік қыз­метшілердің штаттық саны 4881 болса, нақты саны – 4645, яғни 95,2% қамтылған. Ал сараптап қа­райтын болсақ, қалған 5% шама­сындағы лауазымдар уақытша немесе тұрақты бос қалып отырады. Сондай-ақ, өткен жылы жария­лан­ған конкурстардан 268 жеңімпаз анықталса, оның 132-сі немесе 49,3% отыз жасқа дейінгі азаматтар. Ал 2012 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша жариялан­ған конкурстарда 124 жеңімпаз анықталып, оның 69-ы (55,6%) отыз жасқа дейінгі азаматтарды құ­рапты. Дегенмен, конкурс жеңім­паздарының қатарында жастар көп болғанымен, олардың үлес салма­ғы жалпы мемлекеттік қызметте жүр­ген қызметшілер арасында едә­уір аз екендігі байқалып отыр. Бұл да ойланатын мәселе.Біз жақында «Жас тұлпар» жас мемлекеттік қызметшілер клубымен бірлесіп жоғары оқу орнын бітіруші түлектермен кездесу өт­кіздік. Кездесу барысында жастар­дың жанарларынан мемлекеттік қызметке деген құштарлық онша байқалмады. Олар үшін жұмысқа орналасудың басты шарты – жо­ғары еңбекақы болып табылады екен. Осы жерде Мемлекет басшы­сының «Біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. Еш жерде, әлемнің ешбір елінде бәріне бірден ие болу мүмкін емес. Туған Қазақстанда еңбек етіп, өз әле­ует­те­рін жүзеге асырулары қажет», деген сөзі еске оралады.Бүгінде Мемлекет басшысы елі­міздің кадрлық әлеуетін қалып­тас­тыруға ерекше мән беріп отыр. Саны бар, сапасы жоқ мамандарды емес, болашақта халық үмітін ақтай алатын іскер азаматтарды дайындау қажет екенін үнемі еске салуда. Сондықтан алдағы уақытта мемле­кеттік қызметтің жаңа мо­делінде іске асырылатын ынталан­дырудың тиімді жүйесі жұмыстағы жоғары көрсеткіштер үшін тікелей ынталандыруларды құрушы, кадрларды мемлекеттік қызметте ұс­тап қалуды қамтамасыз етуші фактор және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушы­лықтарының алдын алуға арналған қосымша шара болады деп білеміз.Әзімхан САТЫБАЛДИН,Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облыс бойынша басқармасының бастығы, Тәртіптік кеңес төрағасы.Жамбыл облысы.