• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2012

Ақтаудағы сот барысында транспаренттілік, яғни ашықтық қамтамасыз етілді

378 рет
көрсетілді

Ақтаудағы сот барысында транспаренттілік, яғни ашықтық қамтамасыз етілді

Сейсенбі, 16 қазан 2012 8:09

Шетелдік бақылаушылар осылай деп мәлімдеп отыр

Ақтау қаласында Жаңаөзен ісі бойынша «Алға» радикалды ұйым өкілдері В.Козлов, С.Сапарғали және ереуіл қоз­ға­лысының жетекшісі А.Аминовқа байланысты өткен сот ісі, ең әуелі, халықаралық бақылаушылардың көптігімен ерек­ше­ленді. Барлық процесс бойына шетелдік елшіліктер мен Ұлыбритания, Ресей, Польша, Германиядан келген қонақ­тар ешқандай бір айтарлықтай заң бұзушылықты байқаған жоқ. Әлеуметтік алауыздықты қоздырды деп айып­тал­ған­дарға қатысты өткен сот процесі транспарентті, яғни барынша ашық болды.

 

Сейсенбі, 16 қазан 2012 8:09

Шетелдік бақылаушылар осылай деп мәлімдеп отыр

Ақтау қаласында Жаңаөзен ісі бойынша «Алға» радикалды ұйым өкілдері В.Козлов, С.Сапарғали және ереуіл қоз­ға­лысының жетекшісі А.Аминовқа байланысты өткен сот ісі, ең әуелі, халықаралық бақылаушылардың көптігімен ерек­ше­ленді. Барлық процесс бойына шетелдік елшіліктер мен Ұлыбритания, Ресей, Польша, Германиядан келген қонақ­тар ешқандай бір айтарлықтай заң бұзушылықты байқаған жоқ. Әлеуметтік алауыздықты қоздырды деп айып­тал­ған­дарға қатысты өткен сот процесі транспарентті, яғни барынша ашық болды.

Еуропарламент депутаты («Азаматтық платформа» партиясы) және Орталық Азия бойынша жұмысшы комиссия­сы­ның мүшесі Пётр Борыс:

«Қатысам деушілерге кедергі болмады»

Соттың ашық өткендігі соншама, кейбір қазақстандық блогерлер мен қарапайым интернет пайдаланушылар «Бұл немене, шоу ма, әлде Қазақстанның ішкі мәселесіне сай нақты сот отырысы ма? Ендеше, неліктен соншама шетелдіктер келген? Қандай мақсатпен?» деп таңғалысты.

Дегенмен, шетелдік бақылау­шы­лар Ақтау портына қандай мақсатпен ағылмасын, олар үшін есік айқара ашылды. Тіпті бір бақылаушы қорғаушыдан куәгер­ге айналды. Ол – Еуропарламент депутаты («Азаматтық платформа» партиясы) және Орталық Азия бойынша жұмысшы комис­сия­сы­ның мүшесі Петр Борыс.

Петр Борыс 2011 жылдың қыркүйегінде Жаңаөзен қала­сын­да болған мұнайшылардың ереуіл мәселесі бойынша және 2012 жылдың ақпан айында Маңғыстау облысына жасаған өзінің сапарының нәтижесі туралы «Алға» өкілдерімен Еуропарламент депутаттарының кездес­кенін айтты.

Ол қорғаушылар мен айып­тау­­шылардың сұрақтарына жауап қайтарып, өзінің талқыланып отырған тақырыппен жалпы таныс екендігін танытты. Сондық­тан ол Польшаға қазақстандық­тардың өткен жылдың күзінде келуінің нақтылығын анық біл­мейтінін, өйткені дайындық мә­се­лесіне араласпағандығын, не­гізгі баяндамашы Т.Сақтағановты есіне түсіру қиынға соққанын, ал «Алғаның» ереуілдеуші мұнай­шылар арасына таратқан үнпа­рақ­тар жөнінде бірінші рет естігенін сотқа айтты.

Журналистермен әңгіме барысында депутат Жаңаөзен оқиға­сындағы сотталушылардың рөлі туралы айту, оған баға беру қиын екенін жеткізді.

П.Борыс журналистерге берген сұхбатында В.Козлов ісі жө­нінде ақпарат алу кезінде қандай да бір кедергілер кездеспегенін, ол әкімдіктің, прокуратураның, Германиядағы қазақстандық ел­ші­лік өкілдерімен кедергісіз кез­дескенін айтып берді.

Козлов пен Сапарғали және Аминовтарға өткен сот отырысы туралы парламентшілер оның ашықтығын, транспаренттілігін атады.

«Сотқа кіруде ешқандай проблема болмады, оған нақты мысал үшін өзімді келтіре аламын. Барлығы, яғни қатысқысы кел­гендердің бәрі – қарапайым қа­зақстандықтан бастап Еуропарламент депутатына дейін оған қол жеткізді», – деп атап өтті П.Борыс.

 

Бұрынғы мұнайшы Талғат Сақтағанов:

«Козлов мұнайшылардың мәселесі жөнінде айтқан жоқ».

«Варшавада Еуропарламент депутаттарына жасаған Козлов­тың үндеуінде Жаңаөзендегі ере­уілдеуші мұнайшылардың мәсе­лесі жөнінде айтылмаған», деп Ақтаудағы сот процесінде куәгер ретінде сөз сөйлеген бұрынғы мұнайшы Талғат Сақтағанов жеткізді.

Ал Т.Сақтағанов Жаңаөзенде ереуілге қатысушылардың бел­сен­дісі болған және «Алғаның» жетекшісі Козловпен бірге Вар­шаваға ұшады, онда олар Еуропарламент депутаттарымен кез­де­сіп, мұнайшылардың мәселесін қозғаулары керек болатын.

Алайда ол: «Мен білмедім, әрине қазір сол жаққа барғаныма өкінемін. Өткен әңгімелердің бә­рі бос сөз боп қалды», деді. Козлов Еуропарламент алдында сөй­ле­ген сөзінде мемлекетті ғана сынап, ал мұнайшылардың мәсе­лесі туралы бір ауыз сөз айтпаған.

Германия үкіметінің адам құ­қықтары жөніндегі уәкілі М.Лёнинг:

 «Ешқандай проблема болған жоқ»

Ақтаудағы сот барысында арнайы баспасөз-конференциясын Германия үкіметінің адам құқық­тары жөніндегі уәкілі Маркус Лёнинг өткізді.

Маркус Лёнинг сөз арасында шараның жоғары деңгейде ұйым­дастырыл­ғанын атап өтті.

Ол: «Сот өтіп жатқан залға кіруге бізге ешқандай кедергі бол­мады. Ішке еркін ендік. Отырыс ашық. Мұнда бізден өзге де халықаралық, сонымен қатар жер­гілікті ұйымдар бар екен. Әрине, ішке кіру еркін болды, соның арқасында ешқандай мә­селе туындаған жоқ… Менің ойымша бейнекамералардың қо­йыл­ғаны өте дұрыс, процестің ашық өтіп жатқандығы да жақ­сы», деді.

Маркус Лёнингтің сөзіне қа­ра­ғанда, «Алғаның» көптеген өкілдерінің пікіріне қарамастан, ол аталған процесті «саяси» деп атаудан аулақ. «Мен бұл процесті саяси немесе саяси емес деп айта алмаймын, бірақ саясиланды­ру­дың элементтері бар. Мүмкін сот­тың шешімі қылмыстық жа­уапкершілік аясында өтетін шы­ғар… Әрине, өткен жылғы жел­тоқсан айындағы оқиғадан кейін тексеріс жүргізген түрлі комис­сия­лар құрылғаны анық», деді.

 

Қазақстандағы АҚШ елші­лі­гінің жанындағы саяси-эко­номикалық бөлімнің қызмет­кері Джессика Лини ЯрчиЕв:

«Сот отырысы ашық түрде жүргізілуде»

Сонымен қатар, В.Козлов, А.Аминов және С. Сапарғали ісі бойынша сот отырысына Қазақ­стандағы АҚШ елшілігінің жа­нындағы саяси-экономикалық бө­лімнің қызметкері Джессика Лини Ярчив қатысты.

Сот қарауы аяқталған соң ол журналистермен шағын брифинг өткізіп, Ақтауға келгендегі негіз­гі мақсаты – сот процесін бақы­лау екендігін айтты.

Д.Ярчивтің сөзіне қарағанда, АҚШ елшілігі бұл іске және жалпы Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан сот реформасы барысына баса назар аударып отырған көрінеді. Сондай-ақ, бри­­финг барысында Джессика Яр­чи­ев, сот тыңдауының жүргі­зілу барысына көңілі толатынын жеткізді.

«Біз сот отырысының ашық режімде өткізіліп жатқандығын қуана атаймыз. Біз бұл сотқа қатысу кезінде немесе өзге де бір жағдайларда кедергілерді байқ­а­ған жоқпыз».

Міне, осылайша халықаралық бақылаушылар Ақтаудағы сот отырысын оң бағалап отыр. Бұл Қазақстанның құқықтық дамуын­дағы маңызды қадам болып табылады.

Анықтама:

Сот қарауы басталған кезден сот айыпталушыға Қа­зақ­стан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген қорғауға құқық, өзіндік сайлау және өзіндік ұстанымды сақ­тау, кәсіптік заң көмегін алу, дәлелдерді келтіру және оларды зерттеу, өтініш беру, сотқа ауызша және жазбаша түрде түсінік беруді қамтамасыз етті.

Сотта істің барлық жағдайы шынайы әрі жан-жақты мұқи­ят зерттелді, тараптардың тең­дігі және жарыспалылық то­лық сақталды.

Сот қарауы ашық түрде жүр­гізілді, оған кез келген адам­ға қатысуға мүмкіндік туды.

Процеске барлық БАҚ, қо­ғам­дық бірлестіктер мен ұйым­дардың өкілдері қандай елден және көзқарастары мен пікір­лері қандай екендігіне қара­мастан жіберілді.

Мәселен, процеске «Алға» тіркелмеген партиясының мүшесі (Н.Жолдасов және басқалар), құ­қық қорғаушылар: Ж.Қуаны­ша­лин, Е. Жовтис, шетелдік құқық қорғаушылар: Блэкмен Леонел Фрэнсис, Руби Сантхоу, Мария Мусина (Ұлыбритания) үздіксіз қатысты.

Сондай-ақ, процеске А. Шорманбаев (Адам құқығы хартиясы» ҚҚ), П.Дудин (тәуелсіз ба­қы­лаушы), Г. Агелеуов («Либерти» ҚҚ), Б. Әбілов (ЖСДП «Азат»), Мира Ритманн («NRW» халық­аралық құқық қорғау ұйымы), М.Боқаев («Жаңаөзен-2011» ха­лықаралық комитеті), Е. Жовтис («Адам құқығы және заңды­лық­ты сақтау жөніндегі қазақ­стан­дық халықаралық бюро»), Григорий Энгельс, Кобус Лукас (Польша, құқық қорғаушылар), Йенс-Михаэль Карстен, Тобиас Маркус, Мишель Мариа, Феликс Герман, Себастиан Бух, Майер Стефан, А.А.Шаниева (Қазақстан­да­ғы Германия елшілігінің өкіл­де­рі), Блэйк Джеймс, Томас Доналд, Йылдыз Лайля (Қазақ­стан­дағы Ұлыбритания елшілігінің өкілдері) қатысты.

Ал бұқаралық ақпарат құрал­дары арасынан процеске «Телерадио» ТРК, «31-арна», «Стан-ТВ», «Қазинформ» ақпа­раттық агенттігі, «Республика», «Блоггер», «Bnews.kz» және газеттерден «Голос Республики», «Медиагрупп Е», «Ассошейтер пресс США», «Жас Алаш», «Дидар» газеті өкілдері жиі қатысты.

Осылайша аталған процесте ашықтық пен жариялылық то­лықтай қамтамасыз етілді.