• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2019

Қазақстан және Ресей полицейлері қылмысты еңсерудің жолдарын талқылады

788 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаментінде Ресей Федерациясы Қорған және Омбы облыстарымен бейнеконференция байланыс режімінде кеңес өткізілді.

Шекаралық аймақтардың полиция ведомостволарының жетекшілері,өзге де құқық қорғау органдарының өкілдері қатысқан кеңесте есірткі құралдары және психобелсенді заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды ашу, көлік құралдарына қылмыстық қолсұғушылыққа және контрафактілік алкоголь өнімдерінің айналымына қарсы бірлесіп-қимыл жасау мәселелері  бойынша шешімдер қабылданды.

СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев өз сөзінде  халықаралық өзара іс-қимыл жасау форматының тиімділігін атап өтті. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Басыбаевтың айтуынша, синтетикалық есірткі заттары қоғамда ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. 2017 жылы Петропавл қаласы аумағында синтетикалық психобелсенді заттарды жарнамалау және таратумен айналысатын 9 интернет ресурсы анықталған. Былтыр оның саны 108-ге, биыл  79-ға жеткен.  Есірткі заттары контрабандасының 15 фактісі тіркелген.  Олардың үштен бірі шетелдіктерге тиесілі.

Қылмыстың аталған түрлеріне қарсы іс-қимылды барынша ширату қажеттілігін ресейлік әріптестер бірауыздан қолдады. Ресейде де осыған ұқсас жағдайлар жиі орын алып тұрады. Есірткі құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстанның үш азаматы ұсталыпты.

Сондай-ақ, автокөліктерді айдап әкетуге тосқауыл қою және осы мақсатта күш біріктіру келелі тақырыптардың біріне  айналды. 1,5 жылдың ішінде Қызылжар өңірінде қылмысқа  қатысты 30 автокөлік тәркіленген. Халықаралық онлайн-алаңдағы сұхбатқа  өзек болған тағы бір мәселе – алкоголь өнімдерінің, оның ішінде контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдар жүргізу. Қос тараптың айтуынша, қылмыстардың басым бөлігі масаң күйде жасалады. Сондықтан бұл мәселе құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде өте маңызды рөл атқарады. Биыл теріскейде алкоголь өнімдерінің 119 құқық бұзушылығы әшкереленген. Заңсыз айналымнан 475 литр ішімдік  алынған. Алкогол өнімдерін сатумен шұғылданатын 28 кәсіпкердің лицензиясы кері қайтарылған. Көрші ел өкілдері құрамында спирті бар « сусындарды» заңсыз өндіруге және Қазақстаннан контрафактілік алкоголь өнімдерін жасырын түрде  жеткізуге тосқауыл қою тәжірибелерімен бөлісті.

Кез келген қылмысқа қарсы бағытталған кешенді  іс-шаралар өз жемісін бермей қоймайды. Шекаралас өңірлер үшін мұндай бірлескен бағдарламалардың маңызы зор. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің ішкі, сыртқы мүмкіндіктері мол, десті  бейнеконференцияға қатысушылар.

Солтүстік Қазақстан облысы