Келісімге жапон сейсмикалық оқшаулау қоғамының (JSSI) президенті, профессор Акира Вада (AkiraWada) мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев қол қойды.
Меморандум ғылыми-зерттеу жұмыстарын негіздеп, орындау үшін бірлескен уақытша ғылыми ұжымдар қалыптастыруды, сейсмикаға төзімді құрылыс саласында практикалық жұмыстарды орындау үшін Қазақстан мен Жапония ғалымдары мен мамандарын тартуды көздейді.
Ынтымақтастықтың нәтижесінде бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, өзара мүдделерге өкілдік ететін ғылыми және ғылыми-әдістемелік конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» мен көрмелер өткізу ұйғарылып отыр.
«2018 жылы Алматы қаласында «The Japan Society of Seismic Isolation» (JSSI) қатысуымен «Сейсмикаға төзімді құрылыс технологиялары» Халықаралық семинары өткен болатын. Семинарда қазақстандық және жапондық мамандар сейсмикалық оқшаулағыш конструкцияларды қолданудың тәжірибесімен алмасты. ҚазҚСҒЗИ-дың сейсмикаға төзімді құрылыс саласында үлкен тәжірибесі бар, ал біздің мамандарымыз сейсмикалық оқшаулағыш жүйелердің авторлық әзірлемелеріне ие, сондықтан жапондық әріптестеріміз ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі болды. Келіссөздердің қорытындыс бойынша біздің елдеріміздің сейсмикаға төзімді құрылысын дамыту саласында күштерімізді біріктіру шешімі қабылданды», – дейді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев.
АЛМАТЫ