Бұл жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық сұңғылалығын, қайраткерлік тұлғасын оған берілген «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы» атағы биіктете түсті. Өйткені бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еуразиялық интеграция идеясының жүзеге асырылуына жұмсаған күш-жігерін Одаққа мүше мемлекеттер басшыларының жоғары бағалауы. Маған Беларусь Президенті Александр Лукашенконың білдірген пікірі қатты ұнады. Ол Елбасының осы күнге дейін жинаған бай тәжірибесі мен болашақты бағдарлай білетін көрегендік қасиетін Одақтың ортақ мүддесі үшін барынша пайдалану керектігін айтты.
Н.Назарбаев аталған басқосуда біраз ұтымды ұсынысын айтты. Мәселен, Одақ мемлекеттері өзара тауар айналымын арттыру үшін өнеркәсіп салаларын жан-жақты дамыту керектігін атап өтті, сондай-ақ әлемде жүріп жатқан санкциялар салдарынан тиімді жол табу туралы білдірген пікірі де маңызды. Бұл жаһандану процесінде ЕАЭО-ның дайындығын күшейтуде Елбасының рөлін айқындай түседі.
Мұхтар МАНКЕЕВ,
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы