• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Маусым, 2019

Қазақтардың кіші құрылтайы өтті

918 рет
көрсетілді

2019 жылдың 7-9 маусымы аралығында Германия Федеративтік Республикасының Мюнхен қаласында Қазақтардың кіші құрылтайы өтті. Жыл сайын бұл іс-шара этностық қазақтар көп тұратын елдерде өткізіледі. Қазіргі уақытта Германияда Еуропадағы ең көп қазақ диаспорасы – 3 мың адам (шамамен 250 отбасы) тұрады.

­Құрылтайдың негізгі мақсаты – мәдени-гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық жоба­лар негізінде қазақ диаспо­ра­сының өкілдерін біріктіру. Кіші құрылтайдың жұмысына қазақ диаспорасының 100-ден астам өкілі, сондай-ақ қазақстандық мәдениет қайраткерлері, кәсіп­керлер, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының белсенділері, «Отандастар» қоры мен Ақпа­рат және қоғамдық даму министр­лігінің мамандары мен сарапшылары қатысты.

Қазақтардың кіші құрыл­тайының негізгі тақырыбы –Тұң­ғыш Президент – Елба­сының «Ұлы даланың жеті­ қы­ры» мақаласының және «Ру­хани жаңғыру» бағдар­лама­сы­ның ережелері контексінде ын­тымақтастықты дамыту. Іс-шара шеңберінде әлемнің түрлі елдеріндегі қазақ диаспорасының ынтымақ­тас­тығын дамытудың өзекті мәсе­лелері, «Отандастар» қо­ры мен Дүниежүзі қазақтары қа­уым­дастығы бастамашылық еткен бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Құрылтайдың спикерлері қа­­­­та­рында Дүниежүзі қазақтары қауым­­дастығы Төрағасының бі­рінші орынбасары Зауытбек Тұ­­­рысбеков, «Отандастар қо­ры­­­ның» вице-президенті Ма­ға­уия Сарбасов, Еуропадағы Қа­­­­зақ қауымдастықтарының жә­не Швециядағы Қазақ қауым­дас­­тығы­ның төрағасы Мұрат Ермиш сөз сөйледі.

Зауытбек Қауысбекұлы өзі­нің баяндамасында аталған ша­­­­­­ра­ның қазақ ұлтының бірлігін ны­ғай­тудағы маңызды рөлін атап өтті:

– «Қандастарымыз Елбасы­ның «Отандастар қорын» құру туралы ұсынысына үміт артып, қолдау білдірді. Міне, соның нә­ти­жесінде біз бүгін Дүниежүзі қа­зақтары қауымдастығы мен «Отандастар қоры» КЕАҚ бір­лескен жұмыстарының нәтижесі жайлы айта аламыз. Шетелдерде тұратын қазақ диаспоралары өкілдерінің өтініштеріне байланысты Ұлттық орталықтарды му­­­зыка аспаптарымен, қолөнер бұйымдарымен, ұлттық киіммен қамтамасыз ету мәселесіне орай, біз «Дәстүрлі қоржын» атты кең ауқымдағы жобаны жүзеге асыр­мақпыз.

Шетелдердегі отандастары­мыз­ды қолдау үшін Қазақ­стан Үкіметі жанынан ведомство­аралық комиссия құрылады. «Қазақ картасын» енгізу туралы ұсыныс қоғам тарапынан қолдауға ие болды.

Бүгінгі Еуропа жерінде өт­кізіліп отырған Кіші Құрылтай ұлттық «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасына өзіндік үлес қо­сады деп сенемін. Бұл әлемдік қауымдастыққа қазақ ұлтының бірлігін және Қазақстан Респуб­ликасының шетелдерде тұратын қазақ диаспораларына ерекше қолдауы мен қамқорлығын көрсетеді».

Күн тәртібіндегі басым мәсе­лелер қатарында – шетел­де тұ­ратын отандастарды қолдау үшін нормативтік базаны же­тіл­діру, білім беру, туристік бағ­дарламаларды іске асыру, қазақ тілін дамыту, байланыс орнату және бизнес-жобаларды іске қосу талқыланды.

Құрылтайдың алғашқы кү­­ні Швеция, Ұлыбритания, Гер­­мания, Франция, Дания, Ни­дер­ланд, Аустрия мен Бель­гия­дағы қазақ мәдени орта­лықтары мен «Отандастар» қо­ры­ның ынтымақтастығы мен әріптестігін дамыту туралы екі- жақты мемо­рандумдарға қол қойылды. Осы­лайша, құрылтай шеңберінде «Қазақ үйі» – ортақ брендімен әлемнің түрлі елдерінде жұмыс істейтін барлық қазақ мәдени орталықтарының бірыңғай базасында біріктіруге бағытталған жоба бастау алды.

Кіші құрылтай шеңберінде алғаш рет отандық және шетелдік кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес-форум өтті. Іс-шара ба­ры­­сында Еуропадағы қазақ диас­порасының өкілдеріне бизнес-бастамаларды қолдау және жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қол­дау шаралары ұсынылды. Биз­нес-форум шағын және ор­та кәсіпкерлікті дамытудың түр­­лі салаларында тәжірибе ал­ма­суға, Қазақстан, Германия және Еуропа мен Азияның бас­қа да елдерінің кәсіпкерлері ара­сындағы байланыстарды кеңей­туге мүмкіндік беретін үлкен алаң­ға айналды.

Бұдан басқа, құрылтайға қа­тысушылар жолдастық футбол ойын­дарын өткізіп, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру көрмесімен таныса алды. Көрме аясында Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктері, шетелдік университеттермен  ынтымақтастық жобалары ұсынылды.

Тұтастай алғанда Қазақ­тар­дың кіші құрылтайын өткізу жаңа серіктестерді іздеу, іскерлік және гуманитарлық байланыстар орнату, шетелдік қоғамдастыққа Қазақстанның түрлі салала­рын­дағы мүмкіндіктерін көрсету үшін тиімді алаңды қамтамасыз етті деуге болады.