• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2019

Түркістанның түлеуі

661 рет
көрсетілді

Бар қазақ сүйінші сұрайтын айшықты оқиға, аймақтың дамуы­на оң серпін беретін тарихи шешім деп бағаланған Елбасы Н.Назарбаевтың Түркістан облысын құру туралы Жарлығы шыққанына да жыл толайын деп отыр.

Облыстың әлеуметтік-эко­но­­микалық, рухани, тех­ни­ка­лық және инженерлік әлеуетін пай­далануға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берген тарихи шешімнен кейін көп ұзамай Елбасы Жарлығымен Түркістан қаласының даму тұжы­рым­дамасы да бекітілген еді.

 «Бүгін, біріншіден, Түркістан қаласының негізгі даму жобасын бекіту үшін, екіншіден, ша­һарды еркін экономикалық аймақ етіп жариялансын деген Жарлықтарға қол қойдым. Аман болсақ, 2-3 жылдың ішінде Түркістан жайнап, басқа қала болып, еңсесі көтеріліп, бәріміздің қуанышымызға өсіп өркендейтін болады», деген еді Елбасы Түркістан облысы­на кел­ген ресми сапарында. Жар­лық­тарға қол қойылғаннан бергі уа­қытта киелі қала көп өзгеріп, ел мақ­танышына айналатын іргелі нысандардың іргетасы қалануда.

Жаңа облыс пен оның орта­лығына қатысты тарихи шешім­нің шарапатын өңірдің қарапайым халқы сезіне бастады. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүр­гізіліп жатқан Түркістан тұр­­­­ғындарының тұрмыс-тір­ші­­лі­гінде, қоғам өміріне көзқа­ра­­сын­да оң өзгеріс көп. Киелі қа­ла­ның сәулетін дамыту үш бағыт бо­йынша жүргізілуде. Әрбір ба­ғыт­тың негізінде Түр­кіс­танды елі­міздің рухани орталығы ретінде қа­лыптастыру мақсаты және турис­терге сапалы қызмет көрсету мен тұр­ғындарға жайлы тұрмыстық жағдай жасау жатқаны анық. Бас жоспарға сәйкес қала құрылысы мен сәу­леті жүргізілетін бірінші бағыт бойынша 88,7 гектар жерге орналасқан Қожа Ахмет Ясауи ке­сенесінің маңындағы «Тарихи ай­мақтағы» 18 нысан қайта жаң­ғыртылады. Тарихи аймақты жал­­­­ғап жатқан «рухани-мәдени ор­­­талық» аймағында 9 нысан бой көтереді. Бүгінде бұл екінші ба­ғыт бойынша ғимараттардың құ­рылысы басталып та кеткен, биыл 4 нысан пайдалануға бе­ріл­мек. Үшінші бағыт аясында аумағы 1350 гектар болатын әкім­шілік-іскерлік орталықта 17 нысан салынуда, оның 7-уін биыл пай­далануға беру жоспарланған. Өзі­нің тарихи құндылығын сақтай отырып, заманауи үлгіде қайта жаңғыртылып жатқан облыс ор­талығында жоспарға сәйкес 89 ны­санның құрылыс жұмыстары жү­реді.

Мерзімі белгіленіп, қаржысы қаралған әрбір нысанның сапалы салынуы және кестеге сай жүргізілуі маңызды. Оның ішінде тұрғын үй құрылысының алар орны ерекше. Өткен жылдың екінші жарты- жылдығында «Отырар» шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бо­йынша әрқайсысы 60 пәтерден тұратын 5 қабатты 20 тұрғын үй салу жоспарланған болатын. Бүгінде аталған тұрғын үй құрылысының 14-і салынып, аяқталуға жақын. Ал 6 тұрғын үйдің құрылысы жуық арада басталмақ. Аталған тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құны 7 млрд 440 млн теңгені құраса, аумағы 7,4 гектар жерді алып жатыр. Құрылысты 7 мердігер мекеме жүргізуде. Биылғы бірінші жартыжылдықта 660 пәтерлі 11 көпқабатты тұрғын үй, ал жыл соңында 540 пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Осы шағын аудан­да, сондай-ақ жеке инвестор есебінен көпқа­бат­ты 6 ипотекалық тұрғын үй салынуда. Бұл үйлер «7-20-25» бағдарламасы аясында пайда­ла­нуға берілмек.

Әкім­ші­лік іс­керлік орта­лы­қта 7 қабат­ты көппәтерлі 10 тұр­ғын үйдің құрылысына бүгінгі таңда 4,8 га жер телімі бөлінген, қа­­жетті техникалық құжаттары жи­нақталған. Қала тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуына жағдай жа­сау мақсатында 16 шағын футбол алаңы мен теннис корттарын салу жоспарланып отыр. Осыған сәйкес, негізгі көшелер бойы мен саябақтарда жалпы аумағы 12,8 гек­тар болатын қолайлы жерлер анықталған. Қаланы ауыз су­­мен қамтамасыз ету бойынша Мы­рғалымсай және Біресік-Қан­тағы су кен орындарының қо­рын қайта бағалау үшін 6,6 млн тең­ге қаржы бөлінді. Әкімшілік-іс­керлік орталықты ауыз сумен қам­тамасыз ететін магистралдық суаққының құрылысына бюджеттен 2,1 млрд теңге қаржы қа­­ралып, құрылыс жұмыстары бас­талған. Сонымен қатар газ, жылу, жарықпен қамту бойынша нақты жобалар жүзеге асырылуда.

Тарихи орындар, әлеуметтік нысандармен қатар қала көр­кі­не де ерекше мән берілуде. Бұл орайда қаланың барлық аума­ғын­дағы көпшілік орындарды жаң­ғырту қолға алынған. Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсыр­ма­сына сәйкес, халық көп шоғыр­ланған орталық көшелер бойында гүлзарлар мен аллеяларды көбейту бойынша бір­неше демалыс алаңшалар салу көзделіп отыр. Осы орайда қала ішіндегі негізгі көшелер бойынан жалпы аумағы 172,2 гектар болатын қолайлы жерлер анықталған. Оның ішінде Б.Саттарханов даңғылында орналасқан ескі жасанды каналдың бойы абаттандырылып, 3 гектарды құ­рай­­тын аумақта автотұрақ, субұр­қақ, отбасылық саялы гүл­зар­лар салынады. Қазіргі таңда көпшіліктің демалыс орнына айналған «Рәміз­дер алаңы» осы гүлзарлармен жал­ғасады. Сондай-ақ қаланың әр­ аумағынан 10 гүлзар жасалады. Қала аумағын көгал­дандыру мақ­сатында өткен жылдың күз айын­да көше бо­йларына 46 мың түп ағаш, 500 мың түп қызғалдақ гүлі егілді. Егілген ағаштарды құ­тайту мақсатында 30-ға жуық су ұңғымасын қазу жоспарланып, күз айында 7 данасы қазылған-ды. Қалған ұңғымаларды қазу осы көктемде жалғасты. Соны­мен қатар орталық аймақта орта­ша жөндеу жұмыстары жүр­гі­зілетін көшелерге, жаңадан салы­натын гүлзарларға және қол­даныстағы саябақтар мен гүлзар, аллеяларға жыл со­ңына дейін 1 миллион түп гүл, 100 мың түп ағаш отырғызылды. Ша­­мамен қала ішінде 42 ша­қы­рым көшеге жарықтандыру, тро­туар салу жұмыстары жүр­гі­­зіл­­мек. Климаты құрғақ, шөл­ді, жаз мезгілі ұзақ болатын Түр­кістанды көгалдандыру мақ­­сатында ең алдымен сулан­дыру жүйесін жетілдіру маңызды. Бұл орайда жаздың аптап ысты­ғында егілген ағаштар мен гүлдер, шалғындарға су жет­кі­зу үшін қаланың бірнеше бағы­тынан келетін каналдарды күрделі жөндеуден өткізіп, қала ішіндегі лоток арықшаларға су тар­ту жұмыстары жүргізілуде. Ал Түр­кістанның кіреберіс қақпасын қаламен жалғап жатқан, ұзындығы 5 шақырымды құрайтын Бекзат Саттарханов даңғылын 6 жолақты етіп кеңейту жұмыстарын биыл қазан айында аяқтап, ел игілігіне беру жоспарланған.

Қала әкімі Әліпбек Өсер­баев­тың мәлімдеуінше, халыққа қызмет көрсетіп жатқан 9 базар, 8 сауда қатарының көпшілігінде тиісті та­лаптарға толық сәйкес келетін сау­да алаңдары жоқ. Сондықтан да 80 пайызы модернизациялауды қажет етеді. «Кәсіпкерлер мен сау­да­герлер талапқа сай келетін 1200 бос сау­да орны бар «Алтын бұлақ» базарына көшірілді. Базар иесімен меморандум арқылы сауда жасау­шы азаматтарға жеңілдіктер (2 айға дейін тегін сауда орындарын ұсыну) қарастырылған. Қаладағы қоғамдық көліктердің 9 бағыты «Алтын бұлаққа» қарай бағытталған. Сонымен қатар қала аумағындағы базарларды және нысаналы мақ­сатына сәйкес келмейтін сауда алаң­­дарындағы сауда нүктелерін бір жүйеге келтіру мақсатында қала сыртынан құрылыс материалдары және киім-кешек, азық-түлік тауарлары және автотұрақ үшін 50 гектар жер белгіленді. Оның 17 гектары Қызылорда, 15 гектары Кентау және 18 гектары Шәуілдір бағытында. Бүгінгі таңда сауда алаңдарын кө­шіру туралы базар басшыларымен меморандум түзілген. Сонымен қатар осы бағыттағы жоспарлы жұ­мыстардың қатарында Түркістан қа­ласы аумағында көшпелі сауданы жү­зеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарда стационарлы емес сауда алаңдарын бекітіп, «Көшедегі 1000 сау­да нүктелері» жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр», дейді қала әкімі.

Түркістанда туризм, құрылыс және өндіріс салаларындағы биз­несті өркендету үшін қолайлы жағ­­­­дай қалыптастыратын арнайы экономикалық аймақ құру ба­­ғы­тында да бірқатар жұмыс ат­қа­рылған. Мысалы, экономикалық ай­маққа 365 гектар аумақ және да­йын инфра­құ­рылымы бар 35 гектар жер бөлінген. Өнеркәсіптік қосалқы аймағын Түркістан қала­сынан Кентау қаласына көшіру туралы­ Үкімет қаулысының жобасы тиісті министрліктермен ке­лі­сілген. Өңірдің әлеуеті еске­рі­ле отырып, сондай-ақ эконо­ми­­­каны әртараптандыру және об­лыстың технологиялық дамуы мақ­сатында, арнайы эконо­ми­ка­­лық аймақ қызметінің басым түр­лерінің тізімін кеңейту бо­йынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы бүгінде қала әкімдігі тарихи шешім айқындаған ұлы мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда аянбай қызмет етіп келеді. Қалада жаңа бағыттағы туристік нысандар да көбейе түспек. Облыстың орталығы болғанына да бір жыл толғалы отырған көне қала Түркістанның даму бағытына көптеген өзгеріс енгі­зі­ліп, нақтыланған мақсатты жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

 

Түркістан облысы