• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2019

Көз жасы арықтауға көмектеседі

796 рет
көрсетілді

Бұл туралы Stern апталық жаңалықтар журналы зерттеулерге сүйене отырып жазды.

Аталған басылымда: «Адамдар әртүрлі себеппен жылайды. Ғалымдар да көз жасы туралы түрлі зерттеулер жүргізіп келеді. Мамандар анықтағандай, қуаныштан немесе дене жарақатынан пайда болған көз жасы түрлерінің атаулары бар және оның химиялық құрамы түрліше келеді. Көз жасы эмоциялық тұрғыдан ғана емес, арықтау үшін де пайдалы», делінген. «Психологиялық көз жасы», яғни күйзеліс, қайғы немесе көңілсіздіктен ағатын көз жасы адам ағзасына ерекше әсер етеді.

Калифорния офтальмологы доктор Аарон Нойфельдтің айтуынша, психологиялық көз жасы гормондарға әсер етеді. Эмоционалды қиын жағдайда адам ағзасында кортизол атты гормон көбейеді. «Бұл майдың артуына алып келеді. Сол себепті адам өзін жайсыз сезінгенде шоколад немесе фаст-фуд жейді. Дегенмен, егер осындай жағдайда адам эмоция­сына ерік беріп, жылап алса, көз жасы «кортизолды» шайып кетеді. Яғни, оның ағзадағы мөлшері қалпына келіп, артық салмақ азая бастайды», дейді А.Нойфельд. Әдейі жылау арықтауға көмектесе алмайды, ол ешқандай гормонға әсер етпейді. Бұл зерттеу адам өз эмоциясын басып тастамау керектігін көрсетеді. Демек, керек кезде жылап алған да пайдалы.

Адам көзбен емес, мимен көреді. Бұл көздің нашар көруі немесе зағиптық – мидың көру тамырымен тығыз байланысты деген сөз. Көз мидың 65 пайыз қорын жұмсайды. Адамда осыншама қор жұмсайтын басқа дене мүшесі жоқ. Адамның көз қарашығы жағымды нәрсеге қарағанда 45 пайызға дейін ұлғаяды. Адам бір нәрсеге қызығушылықпен таңдана қарағанда қарашығы үлкейеді екен. Ал жақпаса, жақтырмаса керісінше кішірейетін көрінеді.

 

Сандуғаш МАРАЛБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Журналистика және саясаттану факультетінің студенті