• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Шілде, 2019

Ұлттық паркке жапон ғалымдары келді

1094 рет
көрсетілді

Еліміздегі ұлттық табиғи парк­тер қоршаған ортаны қор­ғау­ға ғана емес, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге де тап­тырмас орын. Содан да болса ке­рек, еліміздегі түрлі табиғи парк­тер мен қорықтарға шетел-дер­ден ғалымдар келіп тұрады. Сон­дай ғалымдардың бір тобы ж­ақында Шығыс Қазақстан об­лы­­сын­дағы «Тарбағатай» мемле­кеттік ұлттық табиғи паркіне келді.

Жапониядан келген 12 ға­лым­ды ботаник Владимир Эпик­­тетов, аудармашы Жадыра Зада­қызы бастап жүр екен. Ту­ған жерімізге ат басын тіре­ген қонақтарды парктің ғы­лым, ақпарат және мониторинг бө­лімінің қызметкерлері кү­тіп алды. Жапон зерттеу­ші­леріне Тарбағатай өңірінің та­ри­­хымен танысуға мүмкіндік берілді. Атап айтқанда, елді ме­кен­нің ХІХ ғасырдың 50 жылдары казак поселкесі ретінде пайда болғаны, 1867-1879 жылдары мұнда Қытай елінің сауда өкілдігі жұмыс істегені айтылды. Сонымен қатар Үржар арқылы Ташкент және Семей керуен жолы өткені туралы мағлұмат берілді. Үржар ауданының Қа­зақ­станның шығысындағы ең үлкен аудандардың бірі болып саналатыны, осы өлкеде та­лай қиын да, қилы кезеңдер бо­лып, көптеген айтулы тұлға­лар­дың шыққаны да жапон зерт­теу­шілерін қызықтырды. Әсі­ресе осы аймақ арқылы бұдан 2 мың жыл бұрын Ұлы Жібек жолы өтіп, өлкені бабалары­мыз­дың ежелден мекен еткені қонақтарды таңғалдырды.

Туристердің келу мақсаты паркке  қарасты учаскелердің өсім­дік әлеміне ғылыми-зерт­теу жұмыстарын жүргізу бол­ған­дықтан, Тарбағатай тауы етегін­дегі «Алет» учаскесі ареалында кездесетін Сиверс алмасы-Malus sieversii, Дала таушымылдығы-Paeonia, Орал миясы-Glycyrrhiza uralesis өсімдіктеріне ғылы­ми далалық-зерттеу жұмыс­тары жүр­­гізілді. Сонымен қа­тар Лан­­ц­ет ­жапырақты кен­дір – Tra­chomitum lancifolium немесе Apocynum lancifolium өсім­дігінің Тарбағатай мемле­кет­тік ұлттық табиғи паркін құру­дың жаратылыстану және ғылыми тұрғы­да­ғы негіз­де­месі жобасында қарас­тырылма­ғаны­мен, Көктал ауы­лы­на қарас­ты айналым учас­кесі ареалын­да аталған өсімдік­тердің кезде­сетіні белгілі болып, өңірдің флора тізіміне енгізілді.

Қонақтар Тарбағатай тауы етегінде орналасқан Сегіз­бай ауылы учаскесіндегі тас­ба­қа мүсінді тас, петроглифтер, тас­тағы таңбаларды кө­ріп, өсім­дік әлеміне зерттеу жүргіз­ді. С­оны­мен қатар Алакөл жаға­лауын­­­дағы, Барлық-Арасан же­рін­­дегі өсімдік түрлерін зерттеді.

Құрылғанына бір жыл толған «Тарбағатай» МҰТП-не келуші ту­ристердің ең алғашқысы жапон­­дық ғалым-зерттеушілер бо­л­ды. Келешекте жапондық ға­лым­­­дарға тамылжыған таби­ғ­ат­ымен тамсандырған өлке­міз­дің қыры мен сырын ашып, зерттеу жүргізіп, бірлесе жұ­мыс істеу жөнінде ұсыныс жаса­дық. Өйткені осындай бай та­би­ғатты аялап, тарихымызға ық­тият­­пен қарамасақ, кешегі­міз тү­ген­деліп, бүгінгіміз бүтін­дел­­мейтінін біле­міз. Кеше­гіні тү­ген­деу дегені­міз – ең алдымен ба­рыңды баға­лай білу. Ата-баба­дан қалған жолға адал болып, даналары­мыз көрген қиындық пен қуа­ныш­қа баға беріп, табиғат  байлы­ғы­мызды ардақтап, көздің қара­шы­ғындай сақтай білсек, сонда ғана өткеннің дұрысы – өнеге, бұрысы – сабақ болмақ.

 Ал мұны жүзеге асыру бір адамның немесе жалғыз меке­менің ісі емес. Бұл елін, жерін сүй­ген, табиғат байлығын сақ­та­ған, болашағым сәулелі болсын деген тілегі бар әр азаматтың міндеті.

 Жаңылқан АЛЕМСЕЙТОВА,

«Тарбағатай» МҰТП ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы

 Шығыс Қазақстан облысы