• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қыркүйек, 2019

Елордада ХХІ қалалық «Тіл фестивалі» өтеді

310 рет
көрсетілді

5-30 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ХХІ қалалық «Тіл фестивалі» өтеді. Фестиваль шеңберінде қазақ тілін дамытуға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Дәстүрлі тіл фестивалінің мақсаты - тіл мәдениеті, тіл тазалығы, тіл үйлесімінің түйінді тақырыптары мен тәлімдік мәселелерін саралау.

Фестиваль аясында ертең «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты дөңгелек үстелі өтеді. Шараға қазақтың белгілі қаламгері, ғалым Қайырбек Кемеңгер, Қазақстан халық ақыны Қонысбай Әбіл, ҚР суретшілер одағының мүшесі Алмас Сырғабай және өзге де зиялы қауым өкілдері ашып, фестиваль аясында ұлттық ұйысу мен халықтар достығын нығайтудағы қазақ тілінің тұғыры туралы пікірлерін ортаға салады.

Айта кетейік, тіл фестивалі аясында Нұр-Сұлтанда «Менің тілім – Ұлы дала рухы» мерекелік кеші, «Азат елге аманат – туған тілім» жас ақындар мүшәйрасы, «Rýhtime» тұлға-танымдық жобасы, «Ұлы дала есімдері: Ұлт көсемдері мен рухани батырлар» «Елтаным» рухани-танымдық көшпелі дәрісі, «Қазақ тілін оқыту әдістемесі: болашағы және өзекті мәселелері» ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылады. Бұған қоса, қаладағы балабақша мен мектептерде де тіл мәдениетін арттырып, балалардың ана тіліне құрметін күшейту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.