• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Қазан, 2019

«Қазақстан-Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

274 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Шарт 2018 жылғы 29 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында жасалған болатын.

Шарт іздеуде жүрген адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орындау үшін екі ел арасында экстрадициялау мәселелерін реттейді. Құжатта экстрадициялау үшін де, одан бас тарту үшін де негіздер қарастырылған.

Шартты ратификациялау қылмысқа қарсы күресте екі ел ынтымақтастығының тиімділігін арттырады.

Әрбір тарап өзінің ұлттық заңнамасы негізінде өз азаматтарын беруден бас тартуға құқылы. Осы Шарт бойынша құзыретті орган Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы болып табылады.

Құжат Палатаның қарауына берілді.

Соңғы жаңалықтар