• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қазан, 2019

Түркі академиясының президенті Элмар Мамадяровпен кездесті

162 рет
көрсетілді

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Элмар Мамадяровпен кездесті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. 

«Түркі кеңесі Мемлекет басшыларының VII Саммиті қарсаңында Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Элмар Мамадяров мырзамен кездестік. Министрге қонақжай қабылдауы үшін рахмет айтып, Саммиттің жоғары деңгейде сәтті өтуіне тілектестік білдірдік. Академияның құжаттарын алғаш болып ратификациялағаны үшін де алғыс айттық. Атқарылған жұмыстар туралы әңгімелесіп, алдағы жоспарларымызды пысықтадық. Министр мырза да академияның жұмыстарына жоғары баға берді», деп жазды Д. Қыдырәлі.