Сыртқы істер министрлігінде «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Отырысты ашқан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлануымен құттықтап, отырысқа қатысушыларды Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаттарымен және міндеттерімен таныстырды, жемісті жұмыс тіледі.
Директорлар кеңесінің отырысына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәулен Әшімбаев төрағалық етті.
Институттың негізгі міндеті - Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу, әлемдік саясат пен экономикада, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласында өзекті трендтерді анықтау.