• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Олимпиада Бүгін, 12:45

Паралимпиада-2026: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

10 рет
көрсетілді

Милан, Кортина-д’Ампеццо және Солтүстік Италияның бірқатар қалаларында 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары басталды. Жарыстың екінші күні қазақстандық спортшылар парабиатлонда медаль үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстан уақыты бойынша 14:30-да парабиатлоннан отырып жарысатын ерлер арасында жеке жарыс өтеді. Бұл жарысқа Ербол Хамитов, Сергей Усольцев және Юрий Березин қатысады.

16:30-да парабиатлоннан тұрып жарысатын ерлер арасында жеке жарыс өтеді. Бұл сайыста Александр Герлиц жүлде үшін күреседі.

Айта кетейік, 7 наурыз күні биатлондағы спринт жарысында қазақстандық спортшылар мынадай нәтиже көрсетті:

Ербол Хамитов – 8-орын, Александр Герлиц – 11-орын, Сергей Усольцев – 18-орын, Юрий Березин – 25-орын.

2026 жылғы қысқы Паралимпиадада Қазақстан атынан жеті спортшы екі спорт түрінде – парабиатлон және парашаңғы жарысында өнер көрсетіп жатыр. Командадағы ең үлкен спортшы 51 жаста, ал ең жасы 17 жаста.

Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары басталды

Құрама сапында Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері, сондай-ақ парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионы және биатлоннан Әлем кубогының иегері бар.

Соңғы жаңалықтар