Құдағи
Алуға келген аурудан айыға алмаған Айымжан төсек тартып төрт ай жатып, кеше күн батарда көз жұмған. Қыз, келіндері тізіле отыра қалып жоқтап жатқанда екі жыл есігін ашпаған әпербақан құдағиы аулаға дауыс қып кірді. Бәрімен көрісіп болып айтқан сөзі: «Құдағи өліп қалды демесең, ауруы менікінен күшті емес еді» болды...
Нұрболат Әлменов