• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қараша, 2019

Елбасы назарында – ел қауіпсіздігі

446 рет
көрсетілді

1 желтоқсанда Қазақстан ерекше – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. 28 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев егемен Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланды. Дәл 1991 жылғы 1 желтоқсанда ол қазақстандық электораттан Мемлекет басшысы уәкілеттілігін алып, өз әрекетін халықтың ерік-жігерімен дәйектеуге саяси құқыққа ие болды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, кеңестен кейінгі кеңістікте дағдарыс пен жұмыссыздық, белгісіздік пен берекесіздік жайлаған уақытта Президентіміздің дана­лығы мен саяси ерік-жігерінің арқа­сында мемлекетімізді дамытудың дұрыс бағыты таңдалды. Нәтижесінде ол Қазақстан халқын біріктіріп, біздің миллиондаған бұрынғы жерлестеріміз басынан өткерген ағайындық алауыздықтан алшақ болуға мүм­кіндік берді. Бүгінде Қазақстан халқы­ның Н.Ә. Назарбаевқа оның сонау бір ауыр сынақ жылдары адамдар бойында аза­маттық пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырғаны үшін алғысы шексіз. 

Елімізді дамытудың қай бағытын алып қарасақ та, біз Нұрсұлтан Назарбаевтың қомақты үлесінің куәгері боламыз. Тәуел­сіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін Елбасымыздың бар күш-қайраты, қызметі Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, ұлттарды ұйыстыруға және биік мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ойлау өресінің кеңдігі мен батылдығы, пәрменділігі мен көрегендігі әрдайым объективті прагматизммен үйлесіп отырады. Ал болашақты бағдарлап, оны көре білу саясатта да, экономикада да нық қадамдар жасауға себепші болған жағдайлар аз емес. Елбасы бастамашы болып, еліміздің айнасына айналған оқиғалар мен фактілер тізбесін көптеп келтіруге, олардың ішінде астанамызды көшіру туралы тарихи шешімді, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруды, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізуді атауға болады. Н.Ә.Назар­баевтың Семей ядролық полигонын жабу және еліміздің әлемдік ядролық державалар қатарынан ерікті түрде шығуы туралы батыл шешімі тарихта мәңгі қалады.

Тұңғыш Президент Қазақстанды қуатты әрі гүлденген мемлекетке айнал­дыру үшін барлығын жасады. Қоғам қайда бара жатқанын әрдайым түсінді және Елбасы бағдарын қолдады. Тұңғыш Президентіміздің «Алдымен экономика, одан кейін саясат» деген жетістікке жетудің негізгі формуласы бүгінгі күні де жұмыс істеуде.

Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің басты арнаулы қызметін құру мен қалыптастырудағы үлесі де орасан зор.  Бұл жерде де әмбебап формула қалыптасты: «Ұлттық қауіпсіздік жоқ жерде – мемлекет те жоқ». Бұл қатаң құрылым, бірақ оны қазіргі болмыс пен тарихи фактілер талап етуде.

Сол бір жылдары еліміздің геосаяси жағдайы ұлттық қауіпсіздікті қамтама­сыз ету, жас егемен еліміздің мемлекет­тілігі мен аумақтық тұтастығын сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер­ді ұтымды шешу жолдарын іздеуді қа­жет етті. Ең алдымен, оны заңды түрде бекіту керек болды. Сонымен Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылғы 20 мау­сымда «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Заңға қол қойды, ол тәуелсіз мемлекет­тің дербес арнаулы қызметі әрекетінің құқықтық негізін қалады. Заң ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі, олардың құзыреттері мен қызмет қағидаттары туралы алғашқы ашық құқықтық акт болды. Осы құжат осыған дейін еліміздің жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде қалыптасқан ҰҚК рөлі мен орнын, оның арналуын, міндеттері мен құзыретін нақты айқындап берді. Ал 1992 жылы 13 шілдеде ел Президентінің Жарлығымен МҚК Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып құрылды.

Бұдан кейін қабылданған «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Терроризмге қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» және басқа да заңдар Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінің құқықтық негізін кеңейте түсті. 

Құжаттар жинағын қабылдау қажет­тілігі Мемлекет басшысының кез келген қауіп-қатерге қарсы күрестің айқын құ­қықтық негізде жүргізілуі тиіс екендігіне көз жеткізгендігінен туындады. Жалпы тұрақ­­ты дамуға қарамастан, еліміз қауіп­сіз­дік­ке қарсы ішкі және сыртқы қауіп-қатер­лерге ұшырады. Ішкі оппозиция тара­пы­нан конституцияға қарсы іс-қимыл­дар әрекеті, сырттан егемендік пен аумақ­тық тұтастыққа қолсұғушылықтар тіркел­ді. Дәл осы тұста Елбасы мүлтіксіз постулат – айқын құқықтық негіз екенін атады.

Бүгінде, Тұңғыш Президентіміздің көреген саясатының арқасында ел аумағында БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ-ның бірқатар халықаралық нормативтік құқық­тық актілерін, сондай-ақ екіжақ­ты келі­сімдер мен шарттарды ұлттық заңна­маға ратификациялау мен имплемен­тациялаудың мемлекетішілік рәсімдері іске асырылды. Олардың одан әрі іске асы­рылуын қамтамасыз етуді ұлттық қауіп­сіздік органдарына сеніп тапсырды.

Жеке алып қарағанда, Н. Назарбаев Қазақстан жастары мен өскелең ұрпаққа үлкен мән береді. Өзінің 2018 жылғы Жол­дауында ол былай деп мәлімдеді: «Жастар – еліміздің бәсекеге қабілет­тілігінің негізгі факторы. Біз бәсекеге қабілеттілік туралы айтып отырмыз және әлемнің осындай 50 мемлекетіне кірдік. Алайда ол аз. Бүгін тек мемлекеттер емес, сондай-ақ адам мен адам  бәсекесі жүруде. Онда ғылым мен білімді көтеретін және қалыспайтын креативті буыны бар ел жеңеді. Мен оны бүгін көріп отырмын. Қазақстанның болашағы дәл сендерге, сендердің күш-қуаттарыңа, білімдеріңе байланысты. Мен мұны барлық қазақстандық жастарға айтып отырмын».

Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы бағытта ауқымды жұмыс жүргізуде, егемен Қазақстанның негізгі құндылықтарын ілгерілетуге – ұрпақтар сабақтастығын дамытуға және бірлікті нығайтуға бағыт­талған қазақстандық қарсы барлаушы кадрларды даярлау жүйесі жаңғыртылуда. ҰҚО ардагерлері отансүйгіштік пен Отанға сүйіспеншілік сезімін сіңіру үшін жастармен белсенді жұмыс жүргізуде.

Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі – бірінші кезектегі міндет. Оны іске асыру елдің саяси басшылығының, оның азаматтары мен қоғамының басты назарында. Отандық арнаулы қызмет – ұлттық қауіп­сіздік органдарының қалыптасуы Қазақ­стан Республикасы Тұңғыш Прези­дентінің ұдайы қолдауы мен назарында өтті. Сенім тек қанаттандырып қой­майды, сонымен қатар еліміздің ұлттық қауіпсіз­дігін жетілдіру және рухани егемендігін қамтамасыз ету үшін жаңа белестерге бастайды.