• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қаңтар, 2020

Мүгедектерді қолдаудың жаңа тәсілдері

292 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен бірқатар кездесу және мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен кеңес өткізді.

Жиын барысында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, мүгедектерге арнал­ған әлеуметтік қызметтер порталын енгізудің артықшылықтары туралы айтты.

Вице-министр Ұлан ауданы­ның Халықты жұмыспен қамту орталығында АӘК тағайындауға өтініш білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау барысымен, жергілікті атқарушы ор­­ган­дардың табысы аз отба­сы­лардың балаларына кепіл­дік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етуге дайын­ды­ғымен танысты. Сонымен қатар жергілікті ХҚО-да болды.

Өскемен қаласында мем­лекеттік органдар өкілдерінің, облыстың мүгедектер қоғам­дық бірлестіктерінің және мүге­дектігі бар адамдардың қаты­суы­мен дөңгелек үстел өткіз­ді. Вице-министр іс-шараға қатысу­шыларды мүгедектер көтеретін мәселелер және оны шешу бо­йынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

«Жеке көмекшілердің қыз­мет­терін ұсынатын ҮЕҰ-ға көп­теген шағым келіп түсе­ді. Атап айтқанда, олардың қыз­меті ашық емес, әкімшілік шы­ғын­дарға қаражаттың 10%-ын ұстап қалады, қызметтерге уақтылы төлемеу, жұмыс істеген уақыт санын дұрыс бағаламау және т.б.», деді ол.

Е.Әукеновтің айтуынша, мүге­дектер белгілеген мәселе­лерді шешу үшін 2015 жылғы 22 қаңтардағы қолданыстағы бұйрыққа жеке көмекшілердің қызмет көрсетуін реттейтін, жеке көмекшілердің қызмет көрсетулері бойынша ең көп сағат көлемін айына 176 сағаттан асырмай белгілеу; ҮЕҰ-ны әкімшілік шығындарға 5%-дан асырмай ұстап қалуды болжайтын нормаларды енгізу; қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын және жеке көмек­шілерге қойылатын талаптарды анықтау бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Бұл ретте, мүгедектігі бар адамдардың ескертулерін ес­кере отырып, бұйрық жобасы­нан жақын туыстарына жеке көмек­шілер қызметін көрсетуге тыйым салатын норма алынып тасталды.

Вице-министр сондай-ақ 2020 жылғы шілдеден бастап жеке көмекшілердің қызметтері әлеуметтік қызметтер порталына ауыстырылатынын, содан кейін шарт мүгедектігі бар адамның өзі жеке көмекшісімен немесе ҮЕҰ-мен жасалаты­нын жеткізді. Қызметті порталға ауыстыру Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі анықтаған осы саладағы бұзушылықтарды азайтуға мүмкіндік береді.

«Бұдан басқа, көптеген өті­ніш­­ медициналық-әлеу­мет­тік сараптамадан (бұдан әрі – МӘС) өтуге және мүге­дек­­тікті белгілеуге байланысты. Мүге­дек­тігі бар адамдар қолай­сыз оңалт­у болжамы бар аурулар бо­йын­ша қайта куәландырудан жиі өту қа­жеттігіне байланысты қо­лай­сыз­дықтарды бірнеше рет атап өтті», деді Е.Әукенов. Осы мәсе­лені шешу үшін Еңбекмині Ме­ди­циналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын әзірледі.

Вице-министр сондай-ақ облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дар­ламалар басқармасының ұжы­мымен кездесіп, облыс әкімдігінде өңірдің қалалары­мен және аудандарымен жаңа форматтағы АӘК тағайын­дау және аз қамтылған отбасы­лар­дағы балаларды кепілдік беріл­ген әлеуметтік топтамамен қам­т­а­ма­сыз ету мәселелері бойынша селекторлық семинар-кеңес өткізді.