• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 21 Қаңтар, 2020

Жұмыс нәтижелері қорытындыланды

298 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы болды.

Алқа отырысында Әділет министрі М.Бекетаев 2019 жылдың қорытындысы бо­йынша баяндап, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына әділет органдарының алдына қойылған негізгі міндеттерге тоқ­тал­ды.

Министрдің сөз саптауына қарағанда, құқық қорғау және сот салаларында ма­ңыз­ды өзгерістер күтілуде. Және осы тұс­та маңызды құжаттардың бірі ретінде Әкім­шілік рәсімдік-процестік кодекстің қабыл­дануы болмақ. Биыл Волонтер жылы болып жарияланды. Оның мақсаты – қоғам­ның игілігі үшін халық санасының ерікті еңбекті қабылдауына байланысты сапалы өзгеріс жасау, еріктілер қызметі мәдениетінің даму тетіктерін енгізу. Міне осыған әділет органдары барлық дең­гей­де заң қауымдастықтарымен бірле­сіп белсенді атсалысуы қажет.

Әділет органдарының жаңа құрылы­мына сәйкес (ауданаралық әділет басқар­ма­ларын құру) орталық аппарат пен аумақтық әділет органдары басшылары жергілікті жерлерде жұмысты сапалы ұйымдастыруы қажет. Осыған орай, жұмыс барысында ешқандай кемшілікке және тұрғындар тарапынан ескертуге жол берілмеуі тиіс. Бұдан басқа, қалалық және аудандық әділет басқармаларының оңтай­лан­дырылғанын ескере отырып, жергі­лік­ті жер­лерде факторлық-балдық шкалаға негіз­­делген еңбекақы төлеу жүйе­сін енгі­зу керек екенін еске салып өтті ведомство басшысы.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасады. Бұл ретте халықпен тиімді кері байланыс орна­тып, азаматтардың өтініш­терін сапа­лы қарау қажет. Өті­ніш­тер­дің көп бөлігін атқарушылық іс жүр­гізу құрай­ды, сондықтан осы бағытты ерек­ше бақылауда ұстауды тапсырамын. Әсі­ре­се сот актілерін орындау департаменті рес­пуб­ли­калық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп шағымның санын азайту мақсатында атқарушылық іс жүргізу бо­йынша проблемалық мәселелерді шешудің кешенді шараларын қабылдасын, деді министр.

Алимент өндіріп алу – сот актілерін орындау бойынша басым бағыттардың бірі. Түсетін шағымдардың жартысынан көбін осындай істер құрайды екен. Сондықтан аталған мәселені шешу үшін министрлік «Алимент өндіріп алудың тиімді жүйесін жасау бойынша 30 қадам» іс-шаралар жос­парын бекітіп, іске асыруда. Бұл мәселеде жағдайды жақсартудың қосымша тетігінің бірі – арнайы қор құру болып табылады. Осыған орай, алдағы кезеңде Сот актілерін орындау департаменті республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп арнайы қор құру жұмысын жандандырмақ.

Өткен жылғы сот-сараптама, сот акті­ле­рін орындау және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша негізгі жұмыс бағыттары бойынша сот-сараптамаға 190 мыңнан астам материал түскен. Орындалған сараптамалардың үлесі 96%-дан асқан. Бұл ретте, орындалмай қайтарылған материалдар саны айтарлықтай қысқарып, (2019 ж. – 2 238, 2018 ж. – 3 014) қайталама сараптамалар саны 11%-ға азайған (257-ден 229-ға – дейін, оның 153-і расталған, 30-ы расталған жоқ, 26-ы ішінара расталған). Сондай-ақ 2019 жылы ақылы қызмет бойынша өсімге қол жеткізілген. Жылдың қорытындысы бойынша 386 млн теңге көлемінде ақылы қызметтер көрсетілген (2019 ж. – 386 млн теңге, 2018 жылға қарағанда 18%-ға көп – 326 млн теңге).

Сол сияқты халықпен жұмыс істеуде есептік кезеңде барлығы 383 өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық (2018 ж. – 306 өтініш). Алайда арыздардың басым бөлігі өзінің растауын таппаған. Тексеру барысында тек 6 өтініш расталған. Қарау нәтижелері бойынша 16 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тар­тылды. Сонымен қатар жеке сарап­шы­­лардың республикалық палатасымен бір­­лесіп, лицензия негізінде қызметін жү­зе­ге асыратын сот сарапшылардың бе­рген қо­рытындыларына 157 өтініш қа­ра­лып, оның 15-і өз растауын тауыпты. Басым бө­лігі, яғни 142-сі расталмаған. Рас­тал­ған ша­ғымдардың негізінде 2 лицензия тоқ­та­тыл­ған.