Сыртқы істер министрлігінде Қытайда тараған коронавирус мәселелері бойынша қауырт желі ашылды. Бұл туралы министрліктің Telegram каналында жарияланды.
«Сыртқы істер министрлігінде ҚХР-дағы коронавирус мәселелері бойынша қауырт желілер ашылғанын хабарлаймыз. Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ҚХР-дың кейбір қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы азаматтарымыз үшін Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігінде +86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы қауырт желі ашылды.