• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қаңтар, 2020

Ж.Бекшин: Уханнан келетін қазақстандық студенттер 14 күнге оқшауланады

191 рет
көрсетілді

Қытайдың Ухан қаласынан келетін қазақстандық студенттерді 14 күнген карантинге оқшаулайды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

- Қытайда тұратын қазақстандық студенттер мен азаматтардың мәселесіне келер болсақ, біздің үкімет Қытай үкіметіне Ухан қаласынан біздің 61 студентімізді эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша нота жолдады. Арнайы бортта біздің дәрігерлер қорғаныс костюмінде болады, сондай-ақ олар келген соң дезинфекция жасалады, ал студенттер 14 күнге оқшауланады, - деді Ж.Бекшин. 

Оның айтуынша, қазақстандық билік қазақстандық ұшақтың ұшу мәселесі бойынша Қытай тарапының жауабын күтіп отыр. 

- Біз туристер мен басқа да азаматтарымыздың қайтарылғанын күтіп отырмыз. Сол себепті шекараны жабу мүмкін емес, - деді Ж.Бекшин.