АҚШ президенті Дональд Трамп алты ел азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешім қабылдады, оның ішінде көршілес Қырғыз елі де бар.
Америка Құрама Штаттары Эритрея, Қырғызстан, Нигерия, Судан, Мьянма және Танзания азаматтарының келуін шектейді. Бұл мемлекеттердің тұрғындарына АҚШ-та тұрақты түрде қалуға мүмкіндік беретін визалар берілмейді.
Өткен жылы Трамп иммигранттар Құрама Штаттарында қандай да бір лотерея жүйесі арқылы емес, сіңірген еңбегі бойынша тұруға рұқсат етілуі керек екенін мәлімдеген.
АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрінің міндетін атқарушы Вольфтың айтуынша, бұл елдерге тыйым салуға бірнеше себеп болған. Ол жоғарыдағы елдер Америка Құрама Штаттарының қауіпсіздік туралы ақпарат стандартына сәйкес емес деді.