• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Ақпан, 2020

Шахмат: Нева жағалауындағы жарысқа қатысады

211 рет
көрсетілді

19-27 ақпан аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында шахматтан «Aeroflot Open – 2020» деп аталатын халықаралық турнир өтеді.

Айтулы жарыстың А санатындағы сайысына есімдері жанкүйерлерге жақсы таныс, көптеген дүбірлі додаларда жүлде алып жүрген Жансая Әбдімәлік пен Ринат Жұмабаев сынды атақты шахматшыларымыз қатысады.   

А санатындағы турнирде халықаралық шебер Әлішер Сүлейменов пен ФИДЕ шебері Арыстан Исанжұлов бақ сынайды.  

С санатындағы жарыста ФИДЕ шебері Арман Ержанов өнер көрсетеді.

Жүлде қоры 120 000 евроны құрайтын Нева жағалауындағы турнир швейцариялық жүйе бойынша өтеді.