• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2020

Талдықорған тұрғындары күніне 80 тонна қалдық шығарады

566 рет
көрсетілді

Алматы облысының орталығында 174 900  адам тұрақты тіркеуде тұрады. Дерек бойынша қала тұрғындары күн сайын 80 тонна тұрмыстық қалдық шығарады.

Қазір қаланы қоқыстан тазартумен 12 мекеме айналысып отыр. Ал қала ішінде қоқыс жинауға арналған 10 435 контейнер, 2685 қоқыс жәшігі, 270 жерасты қоқыс сақтау контейнерлері және қауіпті қалдықтар жинауға арналған 46 қоқыс қалтамалары бар екен.

Тасымалданған қоқыс қала сыртындағы полигонға жеткізіледі. 970 000 қалдық жинауға арналған алаңның аумағы 25 гектарды алып жатыр.

Сондай-ақ, талдықорғандық тұрғындар мекемелерге қоқыс тасымалдағаны үшін күн сайын әр адам басына 134 теңгеден ақы төлеуде. Алайда, бұл тариф тұрғындар мен тасымалдаушылардың өзара келісімі негізінде қалыптасқандықтан, заңдық тұрғыда бекітілмей отыр.

Қала әкімдігінің мамандары алдағы уақытта қоқыс шығаруға төленетін құн көтерілуі мүмкін екенін айтады. Бұл мәселе жақын күндері қоғамдық кеңес назарына ұсынылмақшы.