• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2020

Қарағанды облысында жаңа гидробекет орнатылды

317 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданының  Петровка ауылында жаңа гидробекет орнатылды. Бұл жердегі көпірдің астымен Нұра өзенінің бірнеше саласы тоғысып келіп ағып өтеді. Яғни, аталған гидробекет жағдайды толық бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Аудан әкімінің есеп беру жиынына арнайы келген облыс әкімі Жеңіс Қасымбек  көктемгі су тасқынына әзірлік жұмыстарының барысымен танысып, одан кейін жаңа гидробекетті барып көрді. Бұл орайда аудан әкімі Шагурашид Мамалинов су тасқынына әзірлік жоспары әр елді мекен бойынша жасалғанын және бүгінгі күнде қарды сыртқа шығару жұмыстарының қарқын алғанын баяндады.

– Аудан аумағында 72 су шаруашылығы нысаны бар. Тұрғындарды қауіп-қатерден қорғау мақсатында бөгеттер мен бөгегіш дуалдар тұрғызылды, – деген мәлімет берді ол.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында су тасқыны қаупі жоғары Садовое, Чкалово және Ғ. Мұстафин атындағы ауылдарда апаттың алдын алу жұмыстарының барысы талқыланды. Облыс әкімі Самарқан су қоймасынан суды уақытында және барынша көп мөлшерде ағызып отырудың маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды.

 

Қарағанды облысы