• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Ақпан, 2020

Қарағанды облысында жаңа тағайындау

1285 рет
көрсетілді

Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы болып Еркебұлан Жұмакенов тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ол 1976 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі және магистр дәрежесі бар. 2002 жылы Қазақ Ұлттық музыка академиясын «Орындаушы, оркестр әртісі, оқытушы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы осы ЖОО-да ассисентура-тағлымдаманы бітірді.

2007 жылы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдап, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесін алды. Еңбек жолын 1997 жылы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестікке қарасты симфониялық оркестрдің әртісі болып бастаған.

Кейін Президенттік оркестрдің шығармашылық тобының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті өнер басқармасы бастығының міндетін атқарушы, Қорғаныс министрлігі орталық ансамблінің би тобының көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері болып жұмыс істеді.

Одан кейін қызметтік мансабын Қарағанды облысында жалғастырып, облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры болды. Жезқағанда қазақ музыкалық-драма театрының басшысы қызметін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Consult Investment Group ЖШС дамыту жөніндегі директоры болды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болып Марат Жандәулетов тағайындалды.

Ол 1956 жылы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 1984 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды. Жаңаарқа ауданы әкімінің аппарат басшысы, осы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Осы қызметке дейін Шет ауданының әкімі болды.