Мюнхен қауіпсіздік конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингер БҰҰ беделін нығайтуға әлемдік көшбасшылардың белсенді атсалысуы керегін айтты.
«Ашығын айту керек, ұжымдық күш-жігер ең қауіпті дағдарыстар мен халықаралық қауіпсіздіктің қатерлерін реттеу үшін жеткіліксіз... Адамдардың өмірі қиылып жатыр, қарулану жарысы жаңа қарқын ала бастады, жаһандық жылыну жалғасуда. Сондықтан әлемдегі ең ықпалды адамдардың бұл тұрғыда тек шарасыздық танытуы жұрыс емес. Атап айтқанда, бұл ахуал қазіргі қауіпті жағдайда өте тиімсіз болып тұр», деді Вольфганг Ишингер. «Бүгінгі жиынды пайдалана отырып, бірнеше ескертуді атап өткім келеді. Біз баршамыз БҰҰ беделін нығайтуға белсенді үлесімізді қосуымыз керек, оның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін де назарда ұстауымыз керек. Ол шешімдерді орындау үшін өкілеттігі бар жалғыз орган. Қауіпсіздік Кеңесі Ливия бойынша қарарды қабылдаған кезде осы аптаның басында қандай да бір үміт пайда болды. Осы орайда баршасы осы шешімнің талаптарын ұстанады деп сенім білдіреміз», деді Вольфганг Ишингер.
Мюнхен, ГЕРМАНИЯ