• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Ақпан, 2020

Марат Иғалиев қызметінен босатылды

376 рет
көрсетілді

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев қызметінен босатылды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

«Құрметті ақмолалықтар! Мен үшін туғандай болып кеткен Ақмола облысының өсіп-өркендеуіне сіздермен бірге 3 жылға жуық қызмет ету үлкен мәртебе болды. Қызмет бабымда халықпен ашық болуға тырыстым, бірлескен жұмыс нәтижесінде біз көптеген салаларда оң нәтижелерге қол жеткіздік. Сондай-ақ киелі Көкше жерінде біраз адамдармен достастым. Бірге қызмет еткен барлық әріптестеріме алғысымды білдіремін!. Барлық жинаған білімімді, тәжірибемді жаңа жауапты қызметте қолдануға тырысамын. Ел және Ақмола облысы басшылығына көрсетілген сенім үшін үлкен рахметімді айтамын!» деп жазды М.Иғалиев.